Алаяқтық синдромы
Адам психологиясы әлі толық зерттеліп бітпеген құпияға толы үлкен ғылым. Ал сіз алаяқтық синдромының барын білесіз бе? Психологтардың айтуынша бұның бір себебі – Даннинг-Крюгер эффекті. Яғни ақымақтау адамдардың өз деңгейлерін шынайы бағамдаулары үшін тәжірибелері және біліктілігі жетіспейді.
Сондықтан да олар өздерінің кереметтігіне аса сенімді, тіпті негізінде олай болмаса да. Ал тәжірибелі адамдар бұрынғы қателерін, кемшіліктерін білгендіктен, сараптай алу қабілеттері болғандықтан өздерінің мүмкіндіктерін төмен бағалайды, тіпті өздерінікі дұрыс болса да. Бәлкім осының салдарынан болар, төмен деңгейдегі немесе интеллекті төмендер жақсы жерде қызмет етеді де, ақылдылар оларға қызыға қарайды? Жыныстық тұрғыдан қарайтын болсақ, синдром әйелдерде көбірек кезігеді екен.