Қазақтан шыққан ең алғашқы ғылым кандидаты

Oinet.kz 03-12-2019 1294

Бақтыкерей – төре тұқымынан, сұлтан әулетінен. Әбілқайыр хан – Нұралы хан – Есім сұлтаннан тараған. Ол 1859 жыл­дың 22 жел­тоқ­­санында қазіргі Атырау об­лысының Құрманғазы ауданында дүниеге кел­ген. 

Бақтыгерей.jpg

1872 – 1881 жыл­дары Орынбордағы ер балалар гимназиясында оқып, оны күміс медальмен тәмамдаған санаулы қазақ баласының бірегейі. Оқуға ынтық, зерек те, алғыр төре ба­ла­сы 1881 жылы қияндағы еуропаның ең көрікті шаһары, сол замандағы мәдениет ор­талығы, өркениет пен руханият ордасы – Петерборға барып, емтихан тап­сы­рып, Им­ператорлық универ­си­теттің тегін оқы­татын бөліміне түседі. 

Бү­гінгі жүйемен айт­қанда, гранттық оқумен мүмкіндігін иелен­ген. Бақ­ты­керей бастапқыда заң факуль­те­тіне түсіпті. Архив құжатымен та­ны­сып отырып, оның 1 курсты қата­ры­нан үш жыл оқығанын байқадық. 

Сөйтсек, оқу бөліміне, деканатқа өз еркімен арыз жа­зып, «заңтану», «заң ілімдері», «конс­ти­туциялық-құқық­тық ережелер», «по­ли­цей­лік құқық», «саясаттану» курстарын толық мең­геруі үшін қайта-қайта қызығып, құ­нығып оқыпты. 1884 жылы оқу орнының бас­шы­лығы оны 2 курсқа көшіру ке­ректігі туралы талап қояды. 2 курс­қа өткен қазақ баласы ары қарай бі­лімін шығыстану факуль­те­тінде оқуды жөн санапты. 

Шығыстану факульте­тінде оқуда қата­ры­ның алды, озаты болыпты. Араб, парсы, осман, татар тілдерін өте жақсы меңгеріп, сол тіл­дердің грамматикалық-лек­си­калық ұқ­сас­­тықтарын зерт­теу­ге ден қо­йып, профессорлар­ды таң­ғал­ды­рыпты. 

Оның оқу үлгерімі туралы мінездемесінде факультет оқы­ту­шылары өзде­рі­нің ақеділ пейілдерін жазып, жоғары бағалаған. В.Григорьев, В.Радлов, Н.Веселовский сынды атақты профес­сор­лар­дың сү­йік­ті шәкірті болған. Шы­ғыс­тану факультетін үздік тә­мам­да­ған соң, екі жылдық ас­пи­рантурасын оқып тауысқан. Ар­хив қорында 1889 жылдың 9 нау­рызында берілген №877 диплом куәлігі сақталған. Біз тапқан олжа – осы. 

Сонымен, Бақтыкерей Құлман – қазақтан шыққан ал­ғаш­қы ғылым кан­ди­даты, «филология ғылым­да­ры­ның кандидаты» ғылыми дә­режесін алып, дис­сертация қорғаған ойы ұш­қыр ақыл-ой иесі. Шоқжұлдыз Шо­қаннан соң, шығыстану са­ласын­да өш­пес із қалдырған, орыс ғұла­ма­ларын қызықтырған сәулелі үркер еді... 

46 жылға созылған жүктілік
Ең жылдам жануар - гепард
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу