Ордабасыда 6 келі сәби дүниеге келді
Күні кеше, 4 ақпанда Түркістан облысы Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында салмағы 6 келіден асатын, бойы 63 сантиметр алып сәби дүниеге келді.

Анасы 1999 жылы туған, Жеңіс ауылының тұрғыны.
Білікті басшы Райымбек Тасырбаев жетекшілік ететін аурухана дәрігерлері кеңесінің шешімімен анаға кесар тілігі арқылы босандыру жүргізілді. Ота сәтті өтіп, ана мен нәресте толық бақылауға алынды.
Анасы мен сәбиінің жағдайы қанағаттанарлық, тұрақты бақылауда. Бұл – дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен жанашыр еңбегінің нәтижесі.


