Жапон ғалымдары Даун синдромын тудыратын артық хромосоманы алып тастады

Oinet.kz 23-01-2026 53

2025 жылы Жапония ғалымдары CRISPR-Cas9 технологиясын пайдаланып, Даун синдромын тудыратын  адам клеткасындағы артық 21-хромосоманы жоюдың жаңа әдісін жасады деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі.

image.png

Жапонияның Миэ университетінің Graduate School of Medicine мектебінің зерттеушілер тобы, дәрігер Ryotaro Hashizume басшылығымен CRISPR-Cas9 геномын өңдеу әдісін жасап шығарды. Бұл әдіс Даун синдромы бар адамның клеткаларынан артық 21-хромосоманы жоюға мүмкіндік береді. 

 CRISPR-Cas9 технологиясы аллельге бағытталған молекулалар арқылы қолданылды – гендік бағыттаушы молекулалар тек артық 21-хромосоманы таниды және оны жояды, ал екі қалыпты хромосома зақымдалмайды.

 Зерттеу кезінде  адам клеткалары – индуцирленген плюрипотентті стволдық клеткалар және тері фибробласттары (21-трисомиясы бар) лабораторияда өсіріліп, сынақтан өткізілді.

 Айта кетейік, зерттеу тек лабораториялық жағдайда жасалған, тірі адамдарға қолданылмайды. Бұл технология әлі клиникалық қолдануға дайын емес, әрі оны одан әрі тексеру, оңтайландыру және этикалық мәселелерді талқылау қажет.

 Дегенмен, нәтиже  медицина саласы үшін үлкен қадам болып саналады: ғалымдар артық хромосоманы адам клеткасынан мақсатты түрде жоюға болатынын алғаш рет көрсетті. Болашақта бұл әдіс нақты терапевтік тәсілдер жасауға жақындатуы мүмкін. Егер бұл тәсіл одан әрі жетілдірілса адамзат баласы Даун синдромын да жеңе алады деген сөз. 

УДЗ планшеттері Шымкент дәрігерлерінің жұмыстарын жеңілдетеді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу