Бас ауруынан дәрісіз арылудың 8 жолы

Oinet.kz 23-08-2019 1156

5c36cb107e3195923cd1540f50e8d8de.jpg

Бас ауруының түрлі себептері бар: қатты ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьтердің алдында ұзақ отыру т.б. Қазір бас ауруын емдейтін дәрінің түрі көп. Дегенмен, оның зянсыз екеніне ешкім кепілдік бермейді. Ал, бас ауруын табиғи жолмен емдеудің мынадай жолдары бар:

1) Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.

2) Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасау.

3) Лимон немесе бал қосылған жылы су ішу.

4) Жалбыз қосылған көк шай.

5) Зімбірден (имбирь) дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.

6) Таңертең басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеп алыңыз.

7) Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады.

8) Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.


Ұйқыдағы адам неге сөйлейді?
Ұзақ отырудың қандай зияны бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу