Кірпікті ламинаттау зиян ба?

Oinet.kz 26-05-2020 3559

Сұлулық стандарты бір орында тұрар емес. Әуелде қыз-келіншек жасандылыққа әуестенсе, бүгінде табиғи сұлулық қайта сәнге келді. Оның әсерін әйелдердің жаппай қасындағы татуажын өшіртіп, табиғаи қалыпқа келтьіріп жатқанын-ақ  байқауға болады. Соңғы кездері сұлулықтың табиғи қалпын сақтап қалатын процедуралар кең етек алып келеді. Мұндай процедуралардан шет қалу әсте мүмкін емес, себебі қайда қарасаңда көз алдыңда – жарнама.

Ламинирование ресниц. Мой опыт. Плюсы и минусы / Отзывы о косметике

«Ол сенен көз тарта алмайтын көзқарас. Кірпігің ұзарып, жанарыңның ерекшеленгенін қалайсың ба? Онда кірпік ламинаты сен үшін!» Жарнамадағы мұндай әдемі сөздер  сізге де таңсық болмаса керек. Расымен де мұндай жарнамаларға сенуге болады ма? Әлде оның сіз біле бермейтін зиянды  тұстары  бар ма екен?

Кірпік ламинаттау – ол кірпік жалғатудың баламасы. Ол кірпіктің құрылымын ұзартатын, қайыратын және нығайтатын процедура. Процедура өзінен кейін ұзақ уақыт тушь және басқа да сәндік косметиканы қолданбауға мүмкіндік береді. Бұл бьюти-әдіс   кірпіктерді нәрлеп, қанық түске бояйды.

Кім ойлап тапты?

Кірпік ламинатын швейцариялық косметолог мамандар бірінші болып ойлап тапты. Бірте-бірте жаңа тәсіл  Еуропа, Азия елдерінде кеңінен қолданыла  бастады. Ал бьюти-процедураның Қазақстанға келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ.

Кірпік ламинаттау процессі қалай жүзеге асады?

Кірпіктерді ламинаттау - күрделі косметикалық процедура, ол бірнеше кезеңнен тұрады.

1. Алдымен кірпіктерді косметикадан тазарту және арнайы препараттың көмегімен майсыздандыру керек.

Содан кейін қажетті форма (білікше) таңдалады, яғни кірпіктердің қаншалықты қайырылатыны сол білікшеге тікелей қатысты болады. Қолайлы білікшені таңдау кезінде кірпіктің бастапқы ұзындығы мен клиенттің пікірін басшылыққа алу керек.

2. Ең маңызды кезең – кірпікті білікке салу және бекіту.

Кірпіктер барынша тартылған және бір бірінен ажыратылған қалыпта жатады. Ол кірпіктің әсем әрі ұзын болуына әсер етеді. Тек жақсы жасалған процедура негізінде ғана кірпіктер бірін-бірімен шатаспайтын болады.

3. Содан кейін шебер кірпікке кезекпен химиялық қоспаларды жағады.

Бірінші құрам кірпік қабыршақтарын ашады, содан соң шебер кәрпіктердің қажетті өлшемге дейін майысуы үшін кератин кірпік құрылымына әсер етеді.

Екінші құрам қабыршақтарды жауып, бұйралау процессін бекіту арқылы біріншісін бейтараптандырады. Екі қоспа арасында заманауи ламинаттау процессінде күтім компоненттері қолданылуы мүмкін.

4. Одан әрі кірпіктерді бояу процессі басталады.

Процессті бастамас бұрын шебер клиенттен 5 реңктің біреуін таңдауды ұсынады. Процедура түріне байланысты үшінші құрам: ботокс, кератин немесе қоректік май қолданылады.

5. Процедура соңында мастер аллергиялық реакцияларды болдырмау үшін қабақты пен кірпік аралығындағы аймақты түгел тазалайды.

Ламинаттаудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Негізінен процедура кірпік құрылымын қалпына келтіруге және олардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл жағдайда тек жоғары сапалы құралдар қолданылады, бірақ көптеген басқа косметологиялық процедуралар сияқты, мұнда да қарсы көрсеткіштер бар:

Кейбір компоненттерге аллергия болуы мүмкін, сондықтан әрдайым сарысудың құрамын анықтаңыз.

Көз аймағындағы хирургиялық отадан кейін ламинация жасауға болмайды.

Бұл процедураны шырышты ауруларда немесе теріскеннен кейін жүргізуге болмайды.

Жүктілік кезінде және лактация кезінде ұсынылмайды.

Кейбірі бастапқы әсерден қорқады: кірпіктер қатты, жабысқақ, ұқыпсыз көрініс ретінде көрінеді. Бірақ келесі күні кірпіктер түзеліп, сәнді, жұмсақ, әдемі иілген кейіпке енеді.

Қысқа кірпік иелері ұзартқанда абай болғаны жөн, себебі нәтижесі сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін.

Процедура кезінде көзге химиялық құрамның кіріп кетуі де ғажап емес. (Мұндай жағдайда көз айналасы қанталап, қызарып, жасаурайды. Егер де осындай оқыс оқиға орын алса, процедураны ойланбай тоқтату қажет.)

Егер де процедурада қолданылатын сарысу құрамы сапасыз болған жағдайда көз тітіркеніп, аллергия беруі ықтимал. Алдымен қолданылатын препараттардың жарамдылық мерзіміне жіті көңіл бөлінгені жөн. Қадаламаған жағдайда бірден болмаса да, біртіндеп көзге зиян келтіруі мүмкін.

Егер кірпікті епті шебер жасайтын болса, процедура зиян келтірмейді. Керісінше, күтім құрамындағы кератин мен майлар кірпікті нығайтуға көмектеседі. Алайда, кейбір жағдайларда бұл процедурадан қалыс қалған да жақсы. Мәселен, жүктілік кезінде мұндай химиялық ламинаттау әдісіне мүлде жоламаған абзал. Егер де әйелдің емізулі баласы болса, тіптен жоламағаны дұрыс. Себебі нәтижесі сіз ойлағандай болмайды, ал кейде денсаулыққа да кері әсерін беріп жатады.

Ламинация химиялық құрамнан тұрғандықтан көп адамдарға бұл аса қауіпті процедурадай болып та көрініп жатады. Дегенмен, керісінше, ламинаттаудан кейін кірпік қоршаған ортаның сыртқы әсерінен қорғайтын жұқа пленкамен қапталады (түсі мен ылғалдылығын жоғалтпайды). Ламинаттаушы құрамдардағы қоректік заттар кірпіктерді нығайтып, олардың сау қалпын сақтауына ықпал етеді.

Кірпік ламинациясы қанша тұрады?

Кірпікті ламинаттау құны сұлулық салонының деңгейіне, шебердің біліктілігіне және қолданылатын материалдардың сапасына байланысты өзгеріп отырады.

Қазақстанда мұндай  процедура құны 3000 теңгеден 20-30 мың теңгеге дейінгі қаражатты құрайды.

Кірпік ламинациясын қаншалықты жиі жасауға болады?

Ламинацияны 1,5-2 айда қайталап отыруға болады. Алайда бұл істің мамандары кірпік химиялық қалпын жоғалтқанда ғана қайта жасауға кеңес береді. Себебі ламинация әсері 1,5-2 айда жоғалғанымен, кірпік қайта өз қалпына тек 3 айда оралады екен.

Ламинатталған кірпіктерге қандай күтім қажет?

Ламинатталған кірпіктер ерекше күтімді қажет етпейді және де ешқандай ыңғайсыздық тудырмайды. Жалғыз шектеу – кірпікті ламинирлегеннен кейін 24 сағат су тигізуге болмайды, себебі олардың құрылымында дисульфидті байланыстардың толық қалпына келуіне екі тәулік уақыт қажет. Кірпікті кейде кешкілік мейк-ап үшін сүрмемен бояу процедура әсеріне зиян келтірмейді.

Дәрігерлер не дейді?

Дәрігерлер бұл процедураға қалай қарайтынын білу өте маңызды, себебі көз өте маңызды және күрделі орган, ал процедура көзге жақын жерде жасалады. Олар бірегей оң немесе теріс баға бермейді, себебі кірпікке жағылатын компоненттердің әсері әр жағдайда әртүрлі бола береді. Біреулерде дәл сол заттар аллергиялық реакция тудырса, басқаларына оң әсер етеді, нәтижесінде кірпіктері өсіп жатады. Ал үшінші топтағыларға кірпік ламинаты оң да, теріс те әсер бермейді. Тек біраз уақытқа әсерін сақтайды.

Алайда, мамандардың айтуынша, препараттың құрамы жүз пайыз табиғи болатынынан текке үміттеніп қажет емес. Химиялық заттардың аздаған үлесі бар, себебі биокомпоненттер жалғыз керемет әсерге қол жеткізуі мүмкін емес дейді. Сондықтан бұл «бьюти» рәсім ерекше ұқыптылықты талап етеді, өйткені ол көз жанарының маңында жасалады.

Кейде клиенттер кірпік ламинаттауды ботокспен шатастырып та жатады екен. Иә, шын мәнінде бұл процедуралар өте ұқсас келеді. Кірпікке жасалатын екі процедура да дәрумендермен және нығайтатын заттармен байытылған. Препараттарды қолдану процесстері де өте ұқсас. Косметологтар бұл процедураны әсіресе кірпіктері қатты зақымданған қыз-келіншектерге жасатуға кеңес береді. Мәселен егер сіздің кірпіктеріңіз ұзын, бірақ ұш жағы ақшыл түске ие болса, процедура сіздің кірпіктеріңізді бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік береді-міс.

Дәрігер-окулистер ламинацияны тек көздері сау қыздар үшін зиянсыз деп санайды. Аллергия және көз аурулары, үздіксіз шығатын теріскен – олардың пікірінше жалғыз қарсы көрсеткіш. Окулист мамандар сонымен қатар бұл процедураны үй жағдайында жасауға түбегейлі қарсы.

Жалпы бұл процедураны жасату аса қауіпті емес. Егер деніңіз сау, көзіңізде ешқандай күрделі мәселе болмаса неге жасап көрмеске. Сұлу болуға ешқашан шектеу қойылмаған.


Чесотка – заболевание заразное
Жүрек-қан тамыр аурулардың себептері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу