Жасөспірімдік дағдарысты қалай жеңеміз?

Oinet.kz 26-05-2020 1094

“Жас бала құстың көлеңкесінен де тоңады” дегендей, жеткіншектер өте сезімтал болып келеді, оларға басқалардың өздері жайлы не ойлайтыны аса маңызды. Жеткіншек шақта әр ұл не қыз балалықтан ересектікке апаратын өтпелі кезеңді бастан өткереді.

Признаки переходного возраста у мальчиков | lady-caffee.com

Жыныстық жетілу кезеңіне аяқ басқан қызыңыз не ұлыңыз бойындағы өзгерістерді байқап, күйзеліске түсуі, не болмаса өзімен не болып жатқанын түсінбей дал болуы мүмкін. Осындай шағында балаңызға қолдау көрсетіп ата-ананың қамқорлағы аса маңызды.“Күнсіз гүл өспес, күтімсіз ұл өспес” дегендей, бозбала мен бойжеткен ата-ананың ерекше күтімін талап етеді.

Баланың проблемаларын түкке тұрмайтын деп асқақтап қарамаңыз, өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі сіздікімен бірдей болады. Мүмкін сіздікінен ауырлау да шығар. Өйткені, баланың әлі дағдысы қалыптаспаған.

Жасөспірімдік жастағы бала қанында үлкен көлемде өсу мен жыныстық гормондар бөліне бастайды. Соның нәтижесінде баланың бойы, салмағы артып, жыныстық жетілу, көңіл-күйде өзгерістер байқалады. Балада физиологиялық өзгерістермен қатар психологиялық өзгерістер орын алады. Жасөспірімдердің агрессияға тез бой алдыруыда осыдан болар. Агрессияшылдық – ең алдымен ішкі қолайсыздықтың сыртқы көрінісі. Әдетте агрессивті балаларға жоғары мазасыздық, өзін ешкімге керексіз сезіну, айнадағыларды әділетсіз санау және өзін тең санамау (көбіне кем санау) тән болады. Кішкентай «агрессордың» айғай-шу ашу шығару арқылы қарсылық көрсету реакциясы оның айналасындағылардың назарын өз проблемаларына, оны жалғыз өзі жеңе алмайтынына аудару тәсілі болып саналады.

Ата-ана агрессиялық көңіл күй мен әрекеттердің қайдан шыққанын анықтап, оларды түзетудің дұрыс жолдарын табуы тиіс. Агрессивті балаға шынайы іштарту, оны жеке тұлға ретінде қабылдау, оның ішкі әлеміне қызығушылық таныту, сезімі мен мінез-құлық дәлелдеріне түсіністікпен қарау қажет.

Профессор Н.Е. Щуркова және оның әріптестері мінез-құлқы күрделі балаларға арнарлған педагогикалық әрекет алгоритмінде былай дейді:

• Мінез-құлқын түсіну. «Иә, осылай болады...», «Сенің жасында менде де осындай жағдай болған...».

• Мінез-құлқын ақтау. Балаға жартылай қолдау білдіру: «Сенің орнында басқа біреу болуы да мүмкін еді…», «Мүмкін мен де сөйтер ме едім…».

• Баланың жасағанына өзі ой жіберуі үшін оның заттық және әлеуметтік нәтижесіне талдау жасау: «Сен, сірә,…жасағың келген шығар, ал ол … болып шықты», «Сен оны … болып шығады деп ойламаған да шығарсың…»

• Өзін-өзі анықтауы үшін балама мінез-құлық тәсілін көрсету: «Былай жасағанда … болар еді», «Мұндай жағдайда кейбіреулер … жасайды».

• Бала болған оқиғаның уәждемесі мен себептерін анықтай алуы үшін, оны ойлануға шақыру: «Сен өзің қалай ойлайсың…», «Бұл енді қалай аяқталады деп ойлайсың…», «Сен туралы басқалар не ойлайды…».

• Басқа мәдениет деңгейінде өзін-өзі жүзеге асыра алуына жағдай жасау үшін, сыртқы қорлаудан «қорғаныс»: «Бұл есейе келе қалатын әдет…».

• Тиісті әсер түріне қарама-қарсы күтпеген дербес шешім: «Мен сені … жазалауым керек еді, бірақ мен… жасайын деп тұрмын», «Мен сені түсінеді деп сенемін…»

Жасөспірімдік шақтағы дағдарыс кезеңінен шығудың оңтайлы жолдары:

• Спорт секциялары. • Қызығушылықтары бойынша үйірмелер.

 • Балаға деген махаббатты үнемі білдіріп отыру.

• Орындалмайтын уәде бермеуге тырысу.

• Релаксация және тынысалу жаттығуларын орындау.

• Балаға уақытты аямау, үнемі ақыл-кеңес беріп отыру.

 • Уақытылы тыңдау, түсіне білу.

• Әр жұмысына көмектесіп, сенім білдіру.

• Жауапкершілік жүктеу. Өзіне тапсырылған жауапты істі орындай жүре, бала шығармашылықпен айналысады, ал бұл кезде жаман ойлар мен істерден аулақ жүретін болады.

• Баланың тек жақсы жақтарын ғана көріп, оған сенім білдіру. Бала егер өзін осы тұрған бойында жақсы көріп, қадірлейтінін білсе, өзін ұстамды, қолға ала білетін жан ретінде көргісі келетінін түсінсе, мінез-құлқын өзгертеді. Егер педагог және ата-ана баланы жақсы адам ретінде бағалайтынын түсінген жағдайда бала өзгеретінін көрсетеді, мұндай кезде ол дамуының жоғары сатысына ұмтылатын болады.

       Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмайық. Жасөспірімдердің жүйке психикасының дұрыс дамуына ата-ананың, жақын адамдардың қолдауы бала үшін қорғаушы буфер болып табылады. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Лазерлік эпиляция – түктен арылудың жаңа тәсілі
Жасөспірімдер және суицид
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу