Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Тағамтану саласының мамандары таңғы асты міндетті түрде ішу керек дейді. Әйтпеген жағдайда ағзаңыз әлсірей бастайды, әсіресе жүрегіңіз. Зерттеушілердің мәліметінше ешқашан таңғы ас ішпейтіндер күнде таңғы ас ішетіндерге қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығуы жиілейді.
Таңғы ас зат алмасу процесіне зор ықпал етеді және көмірсулы, энергиясы жоғары тағамдар таңғы ас уақытында жақсы сіңеді. Таңертең тәттіден, ет, балық, ұн өнімдері, пияз бен сарымсақтан бас тартқан жөн. Олардың орнына жұмыртқа, бал, ірімшік, сүтке пісірілген күріш ботқасын жеп, айран, көк шай ішкен жөн.