Вакцинация қызылшаның алдын алады

Oinet.kz 26-05-2020 1024

Қызылша ауа-тамшы механизм арқылы берілетін, клиникасы циклді ағымымен, қызбамен, интоксикация, катаральді белгілермен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемамен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Қызылша жаппай таралған ауру. Бұрын ауырмаған және қызылшаға қарсы егілмегендер ауруға өте қабілетті, сондықтан олар кез келген жаста ауыруы мүмкін. Қызылшаға қарсы егу жүргізгенге дейін балалардың 95 пайызы 16 жасына дейін ауырған. Ал вакцинация жұмыстары кең жүргізілгеннен кейін ауру едәуір төмендеген. Бірақ, қызылша ауруы сақталған және соңғы жылдары оның өсуі байқалады.

48934978_303.jpg 

Қызылшаның қоздырғышы – парамиксовирус. Ауру көзі – науқас адам. Ол жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирусын бөледі. Бөртпенің 5 күнінен бастап аурудың жұғу қаупі жойылады. Берілу механизмі – ауа тамшы арқылы. 

Клиникасы: Инкубациялық кезең 9-11 күн, иммуноглобулинмен алдын алу шараларын жүргізу барысында оның 15-21 күнге созылуы мүмкін. Клиникасы циклді түрде өтеді. 

Кезеңдері: катаральды, бөртпе шығу кезеңі, пигментация кезеңі. 

Катаральді кезең-дене қызуының 38-39 дейін көтерілуі, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, құрғақ жөтел, коньюктивит, склерит, жарықтан қорқу белгілері пайда болады.Сонымен қатар ауыз қуысында ұсақ қызыл дақты энантемалар (Бельский-Филатов-Коплик дақтары) пайда болады. Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына ұқсайды. Бөртпе пайда болысымен олар жойылады. 

Бөріту кезеңінде денеде макулопапулезді бөртпелер сатылы түрде 1-ші күні бет мойнында, 2-ші күні кеудеде, қолда, жамбаста, 3-ші күні-аяқ пен табанда пайда болады. Бөртпе қай жерден басталса, сол жерден бастап қайтады. 

Пигментация кезеңі – бұл кезеңде бөртпелер ағарып, орнында пигментация пайда болады. 

Аурудың асқынулары: бронхит, пневмония, отит, кератоконьюктивит, энцефалит, миокардит. 

Аурудың алдын алудың ең тиімдісі – вакцинация. Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жас пен 6 жаста жоспарлы түрде жасалады. Егуі жоқ, толық вакцинация алмаған 30 жасқа дейінгі қызылша ауруымен қатынаста болғандарға алғашқы 72 сағат ішінде эпидемиологиялық көрсетулер бойынша қызылшаға қарсы егу жасалады. 

З.СЛАМБЕКОВА,

Т.ТАМАЕВА

1723 рет қан тапсырған
Денедегі жылудың 80 пайызы бастан шығады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу