Саңырауқұлақ: пайдасы мен зияны

Oinet.kz 16-04-2020 9317

Саңырауқұлақтар жабайы және мәдени түрде өсірілуіне қарай екіге бөлінеді. Жабайы түрі орманда өз бетінше өсіп жатса, мәдени түрін жылда арнайыфермаларда өсіреді. Мәселен, жабайы түріне ақ, қайың саңырауқұлақ, терекқұл саңырауқұлақ және түлкішек саңырауқұлақтары жатады. Алайда бұлардың бәрін жеуге болмайды. Ал арнайы мәдени өсіретін саңырақұлақтар қатарына қозықұйрық, аспа сынды басқа да саңырауқұлақтар жатады. 

griby_7_06185450.jpg

Саңырауқұлақтың зияны

Улану

Уланудың 95 % дұрыс таңдалмағана улы саңырауқұлақты жегеннен болады. Негізі жабайы саңырауқұлақтардың зиян еместігіне толық көз жеткізген соң ғана тұтынған дұрыс. Алайда сенімді әрі қауіпсіз саңырауқұлақты дүкендерден алған жөн.

Ауыр металлдарды жинау

Жабайы саңырауқұлақтар құрамында қауіпті ауыр металлдар – сынап, мышяк, кадмий және қорғасын бар. Олардың болуы саңырауқұлақтың түрі мен өсетін жеріне байланысты. 

Жалпы ластанған жерлердегі, яғни металл шығаратын зауыттардың айналасында өсетін саңырауқұлақтарды жемеген дұрыс. Ғалымдардың зеріттеуінше, ланстанбаған жерде өсіп жатқан саңырауқұлақтардың құрамында да сынап мөлшері өскен екен. Сондықтан саңырауқұлақ жейтін кезде аса сақ болғаныңыз жөн. 

Аллергияны тудыруы  мүмкін

Негізі саңырауқұлаққа деген аллергия адамдар арасында сирек кездеседі. Кәдімгі аллергиямен байланысты болғандықтан және өнімнің құрамындағы ақуыз аллергия тудыратын ақуызға ұқсас болған кезде.

Ботулизм ауруын тудырады

Ботулизм – тамақтан уланудан болатын ауру. Ботулизм оттегі төмендегенде, мәселен консервіленген саңырауқұлақтарды тұтынғанда болуы мүмкін. Сондықтан үйде консервіленген саңырауқұлақты жегенде абай болыңыздар. Ғалымдар дүкенде арнайы  тесіктері бар қаптамадағы консервіленген саңырауқұлақты таңдауды ұсынады. Және де саңырауқұлақты тоңазытқышта қағазға орап сақтаған дұрыс. 

Саңырауқұлақтың пайдасы

Талшық 

Бір кесе қуырылған қозықұйрықтың 1,9 грамм талшық бар, яғни бұл күнделікті норманың 7,6 % құрайды. Бірақ саңырауқұлақ көкөністерден жеңіліп қалады. Салыстырып көрейік, бір кесе брокколиде 5,1 грамм талшық болып күнделікті норманың 20% құрайды. 

Ақуыз

100 грам саңырауқұлақ құрамында 4 грамм ақуыз болады. Бұл көп емес, алайда басқа өнімдермен қоса пісіргенде жақсы нәтиже болады. 

Май мен холестрин аз

Саңырауқұлақтың құрамында май мен холестрин мөлшері өте аз. 

Натрий мөлшері аз

Натрийдің артық мөлшері жүрек-тамыр ауруларына соқтырары анық, ал оның негізгі беретін көзі – ас тұзы. Саңырауқұлақтар өзінің құрамындағы глутаматтың мөлшері көп болғандықтан ерекше дәмге ие. Тағамға саңырауқұлақ қосатын болсақ тұзды қолданбаса да болады.

Салмақты бақылауға көмектеседі

Егер күнделікті тұтынатын қызыл етті саңырауқұлақтарға алмастырсаңыз салмағыныңздың мөлшеріде өзгері анық. Сондықтан колориясы жоғары етті жегеннен гөрі саңырауқұлақтан дәмі тіл үйіретін ерекше тағамдарды тұтынған дұрыс.

Д дәрумені

Д дәрумені ағзаға өнімдер арқылы түспейді. Ал бұл дәруменнің негізгі көзі – саңырауқұлақ. Күн сәулесінің астында тұрып Д дәруменің бойына жинап алады. Мәселен, орман саңырауқұлағы – түлкіше Д дәруменіне бай.

Жалпы айтқанда ет жемейтін вегетарияндардың сүйікті ағамына арналған.  Саңырауқұлақ құрамында В дәрумені көп және селен, калий, бал, фосфор сынды басқа да дәрумендер бар. Ал кейбірі темірге бай. 

Брекет: пайдасы мен зияны
Грейпфрут және оның пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу