Мені алып қашқан жігітке тимеймін деп, ақ орамалды беттеріне лақтырып кетіп едім...

Oinet.kz 11-11-2023 5068

Мен өз басымнан өткен оқиғаны айтқым келеді. Зорлыққа ешқандай қатысы жоқ, алайда жас қыздарға сабақ болсыншы деген мақсатпен. Мен үлкен отбасында тәрбиелендім. Үйде өте көп бала болатынбыз, әкем мен анам ерте ажырасып кеткен.

Screenshot_9.jpg

Бірде тоқ, бірде аш өмір сүрдік. Анам бәрімізді жетілдіріп Алматыға оқуға түсірді. Өмірін бізге арнап тұрмысқа да шықпады.

Мен өзім шашым өте ұзын әдемі қыз едім. Ауылда бір күні үлкен шал мені қора жақтан көріп қалып, қолымнан тартып ұстап "нөміріңді берсей сөйлесейік та" деді. Мен қорыққанымнан қолымды жұлып алып қаша жөнелдім. Қорыққаным сонша ойыма түрлі нәрселер келді. Ауылдағы участковыйға барып айтайын ба деген ой келді, бірақ ауыл кішкентай өсек болып кетем  ба деп өзімді ұстадым. Ағаларым бар еді олар естісе, ана шалды өлтіріп қоятын еді содан да қорықтым.

Екінші күні сабақта отырсам біреу звондайды жаңағы шал. Нөмірімді тауып алыпты. Қайта-қайта звондап мазамды алатын болды. Ол шалдың әйелі маған би үйірмесінен сабақ беретін еді. Содан мен оны қорқыттым "егер тағы бір звонок қазір мектепте отырмын әйеліңе барып көрсетемін" дедім. Содан үні өшті қайта хабарласпады.

Мен бала кезімде қатты бай болсам екен деп армандайтынмын.

Бәріміз бір бөлмеде тізіліп жататын едік сол кезде жатып алып "Я,Раббым менің жеке бөлмем, жеке айнам өзімнің киімдерім болса екен" деп армандайтынмын.Ө йткені үнемі біреуден қалған киімді киетінбіз.

Арман қуып Алматыға келдім. Оқуға түстім. Өмірімнің қызық кезі басталды. Менің арманым әлі сол бай болу болатын. Тек қана қалталы жігіттермен танысатын болдым. Сезім деген нарсе жоқ, кім мені обеспечивать ете алады соған ғана шығамын деген цель болды. Тоқал боламын деген ойым да болатын главный бай өмір сүру. Өзім пәк қыз едім, жігіттермен көп жүргеніммен қолдарынан да ұстамайтынмын.

Сөйтіп бір жігітпен сөйлесіп жүрдік, кездестік. Өте танымал жігіт, спортшы, Бүкіл Қазақстан танитын шығар ол ешакты. Сол кезде менің қолыма алтын балық түскендей болды. Дене бітімі өте сымбатты жігіт былайша айтқанда менің арманымдағы жігіт.

Сол маған айтады "бір гостиницаға келіп тоқтағам ғой барсеткамды алып шығайыншы жүр барып қайтайық" деді. Менің ойымда ешнәрсе жоқ далада күте тұрамын ғой деп бірге бардым.

Жеткен соң "жүрсей бірге кірсей" деді, мен "жоқ күтемін" дедім. "Кірмесең қазір көтеріп алып кіргіземін" деп күлді. Мен ладно деп кірдім. Сөйтсем ағам ресепшнға барып маған нөмір беріңізші на двоих деп қарап тұр. Соны естідім де есіктен атып шығып, көшеге жүгіре сала такси ұстадым. Такси шіркін тоқтамайды. Ана жігіт артымнан келіп көтеріп алып кетіп гостиницаға кіргізді. Гостиницаның ішінде айқайлайын десем я охрана жоқ, я ресепшнда отырған қыздар да жоқ. Сөйтіп мені жұлқылап нөмірге кіргізіп, аймалап сүйе бастады. Мен өзім кішкентай ғана қызбын. Ана жігіт меннен 10 есе үлкен. Сөйтіп мені зорламақшы болды. Мүмкін мені қыз емес деп ойлады ма кім білсін. Мен оған "Алла Разылығы үшін қойшы мен қызбын, ертең менің болашағым бар ғой" деп жылай бастадым. Ол қойғандай болды да. Мен сені аламын дей бастады.

Сөйтіп не керек шетте тұрған светильникті алдым да лақтырып келіп қалдым. Олда ашулынды ма мені бір ұрып ұшырып түсірді. Мен жылап-сықтап қаша жөнелдім сөйтіп құтылдым. Жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Кейін "кездесейік кешірім сұрайын деп едім" деп жазды мен оны одан кейін көрмедім. Қазір Телевизордан көрсем "Альхамдуллиа" деп жүрген адамның бірі. Меннен басқа қанша қызды қинады екен деп ойлаймын. Содан арада айлар өте берді.

Бір жігітпен таныстым, Өте салмақты,бай қуатты жігіт. Өте иманды даже қолымнан ұстамайтын. Бірақ Алла кешірсін түрі сүйкімсіздеу етін мен өзімше тәкәппарлыққа салып оны менсінбейтінмін.

Бір жерге барсақ ұялатынмын, тез кетсек екен деп отыратын едім. Бір күні маған айтады Түсімде түс көрдім сені біреу алып қашып кетіпті дейді. Мен оған ерегісіп алып қашса не болыпты қала саламын дедім. Кейін маған тұрмысқа шық деген әңгімелері басталды мен айттым "шешеме көмектесуім керек, үй әперу арманым. Үйдегілердің жағдайын жасаймын, өзімнің жағдайымды жасаймын оқимын, әлі оқуымды да бітірмедім( деп сылтау айта бастадым.

Өздерінің үлкееен фазендалары бар еді, бір күні атқа отырып кайтайық деді мен келістім. Үстімде қып-қызыл футболка, бұтымда трико бар ойым адемі кадрлар жасап суретке түсіп қайтайын деген ой.

Сөйтіп шығып бара жатсам 4 жасар братишкам "прощай" дейді ғой маған. Мен "ойбай қазір келемін ғой. Прощай дегені несі" деп күлдім.

Шықсам жігіт тұр смокинг киініп алып. Мен оған немене күйеу бала құсап киініп алыпсың деп қоям. Сөйтіп үйден бір қағаз ала салайыншы деп үй жағына жүре бастады. Мен отырмын. Үй жағына келгенде мен сені алып қашып келе жатырмын дейді. Менде паника теуіп, ұрып быт-шытын шығардым. "Үйде бәрі күтіп отыр сені" деп газды баса берді. Сол кезде тура соның үй жағында менттер тұр екен мен жалынсам да келмеді ғой. Көріп тұрып "бақытты болыңдар" деп шығарып салды. Мен сол кезде айттым "Аллахтың атымен ант етемін мен қалмаймын" дедім.

Сөйтіп қинап әйкелді. Үйіне барсам кәдімгідей құдалыққа дайындалған, шашулар, тамада кемпірлер орамал жауып жатыр. Мен шықпаймын деп әлек.

Орамалдарын өздеріне лақтыра бастадым.

Бір кезде анасы келіп "қызым, қой, тәрбие көрген қыз екенсің, ұят болады" деп көндіре бастады. Сөйтіп машинадан шығарып алып жатты. Бір есімді жисам бөлмесінде отыр екенмін. До того көзімнен жас шықпайды жылайын десем. Орамалымды көтеріп қарап қоямын үйі қандай екен вдруг қалып қойып жатсам деп.

Сөйтіп не керек өзіме сұрақ қойдым "Бұл жігітке өміріңді арнай аласыңба? Ыстық-суығына көнесіңбе? Құдай көтеріп тұрып ет-бетіңнен түсіреді байлығы болмаса қасында бола аласың ба?" деп сұрақтар қоя бастадым. Жүрегімнің қалауы тек "жоқ жоқ" деп қана соқты.

Жігітті мүлдем үстімнен алтын құйса да сүйе алмайтынымды түсіндім. Мен сөйтіп кетемін дедім. Әке-шешең келіп алып кетсін деді. Шешем Батыста ол келе алмайды кім келеді деп менің миым қатты, сөйтіп Алматыдағы барлық бауырларымды шақырдым "келіп алып кетіңдер" деп. Олар келді

Олар келе салып маған "қала салсай жаман жер емес армандаушы едің ғой осындай өмірді" деп жүр. Мен кетем де кетем деп. Жігіт келіп аяғыма жалынды "қалшы ұнатып қалдым ,жүрегім өртеніп бара жатыр, сен болмасаң мен өлемін" деген әңгімелер айтылды. Мен сол кезде айттым "мен қыз емеспін мен кетемін" дедім. Қыз емеспін деп айтсам жібере салады деген ой ғой) Ол планым жүзеге аспады "қыз болмасаң да аламын. Қарамаймын ондайға тек сен болсаң болды" деді. Сөйтіп мен бәрін жылатып ол үйден кетіп қалдым. "Мен көшеден алып кететін мал емеспін" дедім мамасына. Жаңағы көшеден көрген Милициялар келді "келін калмайтын болған ба" деп. Маған "арыз жазасың ба?" деді мен "жоқ жазбаймын" дедім.Қаншама кездескенім бар, маған арам ойы болмағаны бар жақсы көрген шығар бірақ менің де жүрегіме әмір жүрмейді деп арыз жазбай кете бардым. Бір аптадан кейін жигит үлкен ағама звондапты "құда түсейік деп едік көндіріңіздерші мен өмір сүре алмаймын" деп. Мен сол күйі тимейм дедім.

Одан кейін бір екі жыл мүлдем жолым болмай кетті. Жұмысым жүрмей, оқудан құлап, ақша жоқ. Квартирадан квартира тентіреп кеттім. Ішімнен ойладым сол кезде мені қарғады ма екен сол кабыл болған шығар деп ойладым. Мүлдем жолым болмай койды. Қарыздан қарыз. Тұратын жер таппай кеттім. Сөйтіп ол балаға жаздым Алла Разылығы үшін мені кешіріп қой сол кезде қалмағаным үшін деп кешірім сұрадым. Ол қалада бос тұрған үйім бар сол жерге келіп тұр, жұмысқа кіргізейн деп қол ұшын созбақшы болды мен бас тарттым. Содан кейін өмірім қалыпқа келе бастады.

Қайтадан с нуля көтеріле бастадым. Жұмыста повышение болып, Универге платныйға тапсырып. Ақша жинадым. Әке-шешеме көмектестім. Қосымша киімдер саттым не керек менен бай адам болмады.

Ләззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Күйеуім «өлемін» деп қорқытады
3 жасар қызыммен далада қалғанымды көріп тұрып, нағашыларым үйіне кіргізбей қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу