Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Тұрмысқа 16 жасымда шықтым. Жолдасым менен 10 жас үлкен. Бассында ішпеймін, шекпеймін деп айтатын. Отбасы құрған соң беті ашылды ішіп-шегеді. Бәрін тастайтын шығар деп ойладым. Бірақ қателесіппін.
Ішетін Адам ешқашан тастамайды екен қанша уәде берсе де. Қайын жұртым ата-енем, қайын аға, әпкелеріме сөз жоқ керемет жандар. Үнемі мені қолдап менің сөзімді сойлейді. Мендегі басты мәселе ол жолдасым. Ұрсып сөзге келіп қалған күні "өлемін кетемін" таппай қаласыңдар деп қорқытады енемді. Маған бәрібір десем енем жылайды. Недегенімен үйдің кенжесі еркесі. Ата анама айттым ортаға түсті бірақ еш қайран жоқ. Бүгінде сол кетем деп кетіп қалды. Жолдасыма не істесем болады ажырассам ба әлде басқалай көрейін бе?
Ұрсып қалсақ болды үйіңе апарып тастаймын деп шығады менде қалыспай жарайды деп бірден киінем. Тек құжаттарымды баламды алып аламын. Сосын ол такси жалдап үйден шығамыз төркінге қарай. Бірақ тұрып жатқан жерімізден жолға шықпай жатып болды кешірші деп шығады әр кезде әр түрлі түсінбей келемін