Төсекке таңылғанымда мені дәретханаға апарып қараған жігітке тұрмысқа шықтым

Oinet.kz 27-08-2023 5819

Анам 50 жас шамасында қайтыс болды. Мен анамнан қалған жалғыз қызбын. Əкемді білмеймін кім екенін. 

ebadac25a4ba34dc3efd624d4760bbe2.jpg

Анамның қарамағында қызметкері болатын, менен 12 жасқа үлкен. Анам сол жігітті өз қарамағына алып бағып жағдайын жасады. Ол жігіт қазір менің күйеуім. Анамның өз еңбегімен сатып алған үш бөлмелі пəтері бар. Анам тірі кезінде бір бөлмесін əлгі жігітке тұруға берді. Анам жұмыстан қолы босамағанда сол жігіт маған қарайтын. 20 жасынан анамның қол астында өз сенімділігін атқарып өтті. Анам көз жұмғанан кейін қалдырған мұрасына сол жігіт иə болды. Мені жетімдер үйіне тапсырмау үшін ол жігіт қолынан келгенін жасады. Үйді өз атына алып, анамнан қалған 3 сауда орын мен жүк сақтағыш қойманы сақтап алып қалды. Жасым 18 ге келгенде барлық мұрагерлік құжаттарды қолыма берді. 

Үйленеміз деп жоспарлап жүргенде, ойламаған жағдайға тап болдық. Жол апатына ұшырадық. Əдейі соқтыма, байқаусыз соқтыма білмейміз, бірақ тірі қалдық көлік соқтығысынан кейін. Мен рольде отырғанмын, көлік сол жақ бүйірінен үлкен жылдамдықпен соғып, мен есімнен танып комада 1 апта көзімді ашпай жатып қалдым. Қасымда жолдасым болатын. 

1 апта төсек тартумен дəрігерлер жасанды түрде тамақтандырды. Мен уақыт өте сəл болса да тірі қаламын деген үмітпен өзгеріс нəтижелерге жеттім. Соның салдарынан жолдасым көз жасын төгіп жылағанын сезгенім есімде. 

1 аптадан кейін көзімді ашып еститін болдым. Бірақ сөйлеуге мүмкіндігім болмай денем мүлде қозғалмаған саусақтарымнан басқасы. Басымды оңға солға да бұралмадым. Барлығын жолдасым айтып берген.

Жолдасым дəрігердердің рұқсатымен үйде қараймын деп өз жауапкершілігіне алып қағазға қол қойып үйге алып кетті. 

Күнен күнге қозғалуға деген үмітім үзілмеді. Жəне саусақ қозғалысынан тыс қолдарымда шамалы қозғала бастаған. Не сөйлей алмаймын, не қозғала алмаймын. Бірақ жолдасым барлығын жасады. Ұятта болса да шындық, əжетханаға өз қолымен апаратын. Тамақты өз қолымен беріп күнделікті мені далаға алып шығатын мүгедек арбамен. Есіме түсірсем жылап аламын. Сөйлеуге мұрша болмай телефон арқылы жазып түсіндіретінмін. Он күн шамасында жолдасымның жылы сөздері себеп болып, сөйлеп кеттім. Бірақ аяққа тұрып жүре алмағаным өкінішті. Бұл өмірде дені сау болып жүргенге не жетсін. Əрине қиын қалаған жерге өз аяқтарыңмен бара алмасаң. Мүгедек арбада отырып төсек тартып жатудан жалыққанан жылап ашуланатынмын. Ашуланғанан жолдасыма кет деп айтқан кездер болды. Негізі мінезім жаман. Көп болса жолдасым үндемей үйден шығып кетіп, менің ашуым басылғанда қайта кіретін. Өзі сондай мінезі алтын адам деседе болады. Менің аяққа тұрып кетуіме жолдасым бармаған жері баспаған тауы қалмады. Уақыт өте мен шамалы болса да аяғымды қимылдата бастадым. 

Қазір Аллаға шүкір. Деніміз сау, басымыз аман. Бізді соққан көлік оларды біз кешірдік. Олар да жауапқа тартылып бар ақшасын беріп кешірім сұраған. Ақшасын алмадық. 

Сіздерге айтарым. Анам жастайынан тек қана өзіне сеніп, еңбектеніп көтерілген. Мен анама тартқанмын. Мінезім өте тік, бетке айтамын, тез ашуланып ашуым орныма тез келеді. Жастайымнан қаржылай білім жинап ақшаның тілін ерте түсіндім. Қанша жерден жағдайым болса да, тағдырға жазылған сынақтарды бастан кешуге тура келді. 

Жолдасым жайында айтатын болсам. Мінезі момын, адамның көңіліне қарайды. Кез келген адамен тез тіл табысады. Ешқашан маған сүйем, жаным деген сөзді айтпаған болсада, өз ісімен көрсетіп көңілімнен шыққан адам. Өзім таңдаған жарым. Кейбір кезде өкінемін шектен шығып айғайлағаныма. 

Құрметті қыздар сіздерге өтініш, жігіттердің сөзіне емес, ісіне сену керек. Мен өз таңдауыма өкінбеймін, қанша жерден сырт көз өсектеседе. "Байғұс кедейге шыққан, осы өмірде жігіт. құрып қалдыма, неге өз қатарына тимеді екен" деп сыртымнан өсектейтін. Көп деген жағдайы керемет таныстарым күйеуге шықты. Көп ұзамай олар ажырасты. Сол мені өсектегендер болатын.

Психолог Жарқанаттың хатынан,   

Психолгтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 85

Балалық шағымды, бойжеткен, жастық шағымды ластады...
Досымның әйелін иттің етінен жек көріп кеттім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу