Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Оңтүстіктің қызымын. Адамды алып қашып жар қылудан қашан арылар екенбіз? Не деген жабайылық? Қызды өз қалауынан тыс нəрсе жасату мүмкін бе? Мүмкін емес.
Жасым жиырма жетіге келсе де, мен өз қалауыммен күйеуге шыққым келеді. Құда түсіп, сырғамды салып алғанын қалаймын.
Өткен айда мен қатты депрессияға түстім. Əп-əдемі болып, жұмысқа барып жүргенмін. Жұмыста бірге істейтін менен үш жас кіші бала жұмыстан соң мені алып кетті. Жылап-сықтап, табалдырығын аттамай қайтып келдім. Құдай оңдап, алып қашып бара жатқан көліктерін полиция тоқтатып, құжаттары қате болып үйіме көлік ұстап кері қайттым. Əрине. Жаман үрейленіп, жүрегім шайлығып қалды. Не істеймін? Көзімді жұмсам, күштеп көлікке сап жатқан балалар көз алдыма келеді.
Әлі күнге содан бері есімді жия алар емеспін. Жаныма біреу жақындап кетсе, кәдімгідей үрей пайда болыпты. Күштеп көлікке салардай сезінемін. Қыз алып қашып үйлену дұрыс па? Еріксіз тиген соң, ертең есік көрген атым бар деп амалсыздан көнгенімен, шын бақытты болып кете ала ма?