Абай Құнанбайұлы. Кейде есер көңіл құрғырың

Oinet.kz 28-08-2019 1155

8629.jpg

Кейде есер көңіл құрғырың,

Махаббат іздеп талпынар.

Ішем деп бейнет сусынын,

Асау жүрек алқынар.


Тартқан бейнет, өткен жас,

Жүректің отын сөндірмес.

Махаббат – өмір көркі, рас,

Өлген соң ол да үндемес.


Махаббатсыз – дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар.


Жүрегі жұмсақ білген құл,

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда, мақтан бәрі – тұл,

Доссыз ауыз тұшымас.

Абай Құнанбайұлы. Жалын мен оттан жаралып
Абай Құнанбайұлы. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу