«Денсаулық бұрышында» дәрігерлік кеңестер берілді

Oinet.kz 13-08-2024 407

9.jpg 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен “Денсаулық бұрышы” акциясында дәрігерлер 400-ге жуық азаматқа кеңес берді. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шара барысында «Студенттік емхана», №14 емхана және «Kameya Pharm» клиникасының бейінді мамандары тобы «ОӘД», «Север» және «Бекжан» сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті.

Хирург, невропатолог, акулист, психолог және акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.

Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесінің маңыздылығы туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен «ОӘД» мен «Север» және «Бекжан» сауда орталықтарының басшылығына алғысымызды білдіреміз!

Жалпы МӘМС шеңберінде сақтандырылған азаматтарға тіркелген емханасы бойынша жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызметтер мен есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмектер қолжетімді. Қаладағы медициналық мекемелерде былтыр 120 мыңға жуық науқас стационарлық жағдайда емделген. Оның ішінде 100 мыңға жуығы МӘМС қаражаты есебінен ем қабылдады.

Жалпы, МӘМС жүйесі төменде көрсетілген медициналық қызметтерді қамтиды:

* профилактикалық медициналық тексерулер;

* учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;

* созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;

* уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

* халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;

* диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);

* мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;

* медициналық оңалту;

* стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.


Шымкент: 217 үміткер грант иегері атанды
Шымкент: 49 отбасы тұрғын сертификаты арқылы баспаналы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу