Шымкент: Шалғайдағы елді мекендер 100 пайыз қоғамдық көлікпен қамтылған
Қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі енгізіліп, бүкіл үдеріс автоматтандырылуы тиіс. Жалпы осы саланы түбегейлі реформалау, жолаушылар тасымалының сапасы мен жайлылығын үнемі жетілдіру жөнінде берген Президенттің тапсырмаларына сәйкес Шымкентте бірқатар жобалар іске асуда.
Шымкентте қоғамдық көлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлім етті.
Басқарма басшысының ауынша, мегаполисте қоғамдық көлік мәселесі өзекті проблема екендігі ескеріле отырып, 2024 жылдың басынан бері бірқатар өзгерістер енгізілді.
2020 жылы қалалық мәслихатпен жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілген. Схемаға сәйкес, 77 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және 6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда оның 640-ы газ метанмен, 464-і дизельмен және 36-сы бензинмен жүреді.
Қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100% қамтылған.
Қазіргі уақытта күнделікті 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. 2024 жылғы 5 айда тасымалданған жолаушы саны – 36 738 679 құрайды. Сонымен қатар, жалпы автобустар саны резервпен қоса – 1140.
Биыл Шымкент қаласында 229 қоғамдық көлік жаңарту жоспарлануда. Оның ішінде, бүгінде «Автоимпульс» ЖШС тарапынан «Zhongtong» маркалы 5 жаңа автобус наурыз айынан бастап, «Санжар моторс» ЖШС және ЖК «Абдуганиев» «SAZ LE 60» маркалы 12 автобус мамыр айынан бастап, «Ман-оңтүстік» ЖШС «Youtong» маркалы 3 жаңа автобус қызмет көрсетуде.
Жалпы бүгінде қаладағы 1142 автобустың 95 пайызға жуығы соңғы 5 жылда алынған. Қоғамдық көліктер жыл сайын кезең-кезеңімен жаңартылуда.
2024 жылдың 10 мамырдан бастап қалада валидаторлар төлем қабылдауды бастады.
Аталған жүйе әдеттегідей көлік картамен, Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталары арқылы төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қосымша мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамдық көліктерде аялдаманы дыбыстағыш құрылғымен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде бұл құрылғы №12, №27, №35, №74, №84 бағыттағы жолаушылар көлігінде жалпы саны 110 автобуста орнатылған. Ал, жыл соңына дейін тағы 500 көлікте аялдамалар дыбыс құралымен хабарланады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушілеріне бірыңғай киім үлгісінің дизайн бекітіліп, тасымалдаушы компанияларға қамтамасыз ету міндеттелген.