Қазақтың фото-тарихы
27-10-2020
Эпонимдер қазіргі уақытта адамдар қоғамдық кездесулер, тұрмыстық деңгейдегі коммуникацияда да қолданылады. Адамдар тіптен олардың эпоним екендігіне назар аудармаса керек. Өйткені көптеген шығарылған өнім, саяхатқа барғандағы қала атаулары, техникалық жабдықтардың және атғы басқалары эпонимдермен тікелей байланысты. Өтйкені барлығы бір топ адамдардың еңбегі, ой ұшқырларының жемісі болып табылады.
Эпоним дегеніміз жалқы есімдерің жалқы есімге айналуы. Бастапқыда бұл жалқы есімдер белгілі бір ортада ғана белігілі боп, қолданысқа ие болса, кейін әлемге таралып, жалпыхалықтық сипатқа ие болады.
Эпонимдердің өзекті мәселелеріне байланысты көптеген ғалымдар лингвистер және де өзге де ғылым салаларының өкілдері өздерінің жұмыстарын арнаған. Олардың қатарына А. Азимов, М.Г. Блау, В.Н. Губина, С.Д. Шелова С.Б. Королева, В.М. Лейчика және тағы басқа ғалымдарды жатқызуымызға болады [1, 1].
Эпонимы (грек. есім беруші), антикалық дәуірде (Афина, Посейдон), осы есімдерден қала, тайпа, жергілікті жерлердердің аттары шыққан. Атап айтсақ, эллин тайпалары, Эгей теңізі. Осыған байланысты эпонимдер өздерінің индивидуальді, жеке есімнен жалпы, кең таралған есімдерге айналады. Яғни мұндағы эпонимдердің өзіне есім алған құдайлардың не тұлғалардың қасиетін бойы сіңіріп, сол тұлғалардың бейнесі, рухы іспеттес көрініс алады [1, 2].
Негізінен эпоним мағынасы антик дәуірінен басталған жалқы есімдер бір мағынаны, ал 18-19 ғасырдан кейін эпонимдердің семантикасы басқа, яғни мағынасы өзгеріп, басқа мағына береді. Оларды интонация арқылы ажыратуға болады.
«Эпонъм» 19 ғасырға дейін осылай оқылып, екпін екінші сөзге түсіп тұр. Бұл жерде зерттеу объектісі субъект болды, яғни халықтың сиынатын құдайы не қадірлеп, қастерлейтін заттарын жатқызамыз. Оған мысал ретінде:
а) Афина (ежелгі грек құдайы);
ә) Секвойя (үндіс көсемінің есімінің құрметіне); б) Посейдон (су құдайы);
в) Нарцисс (Кефис құдайдын баласы, өте сұлу құдай); г) Вулкан (ежелгі гректің от құдайы);
д) Июнь (ежелгі рим құдайы Юнонаның құрметіне);
ж) Июль (ежелгі Юлий Цезардың құрметіне); з) Зенобия (өсімдік Пальмир ханшайымы Зенобидің құрметіне)
е) Май (ежелгі грек құдайы Майя)
к) Август (ежелгі грек сенаторы Октавиан Августтың құрметіне қойылған) [2, 9].
Ал 18-19 ғасырдан кейін жаңа дәуірде «эпуним» деп оқылып, екпін бірінші сөзге аударылды. Осы дәуірде көптеген ғалымдар жаңалықтар ашып, тың ойларын жүзеге асырып жатты. Біреулері ауруды ойлап тауып жатса, басқалары олардың емін ойлап тауып жатты. Осылардың барлығы эпонимдерің семантикасы қатты әсер етті. Осыған байланысты эпонимнің зерттеу объектісі ойлап тапқан субъекті емес, сол ашылған дүние зерртеу объектісіне айналады. Оған мысал ретінде келесі жаңалықтарты жатқызамыз:
а) Рентген сәулесі; ә) Паркинсон ауруы; б) Кох таяқшасы;
в) Даун синдромы; г) Кольт қаруы;
д) Мерседес; ж) Паскаль; з) Кардиган е) Оливье
к) Ампер; [2, 14]
Эпонимдерің қазіргі уақытта бірнеше мәселелері бар. Оларға тооқталатын болсақ:
Эпонимдерді белгілі адамға не тұлға ға жатқызу қиындығы. Мысалға алатын болсақ компьютерлерге орнатылатын антивирус бағдарламасын ойлап тапқан программист Касперски. Олар мысалға бірнешеу, бірнеше Касперски атымен аталатын программистер бар. Халық олардың аттарын атағанда көп жағдайда ойланбайды, тіптен өмірде бір-ақ Касперски деген программист бар деп ойлайды. Оған өзімнің досымнан сұрағанда дәл осындай жауап естіп, куә болдым. Сонымен қатар кейде белгілі бір жаңалықты не ұғымды бірнеше адам ашады да, негізгі тұлғаның есімі беріліп, қосалқы үлес қосқан адамдар көлеңкеде қалады. кейбір жағдайларда оған эпоним берілмейді. Өйткені олардың бүкіл есімін жазып, эпоним жасау мүмкін емес және де оны жеңіл формада жеткізуде мүмкін болмайды.
Көп жағдайда әлемдік бренд болып кеткен тауарлардың есімімен аталып кеткен басқа ұқсас тауарлардың құқықтары бұзылады. Мысалы, «Tefal» деп аталатын жылдам су қайнататын ыдыс-аяқ тауарлары әлемге танымал. Осы
секілді басқа да есіммен тауарлар шықса, халық оны оларды жай ғана Tefal деп атай береді. Оларға солай айту өте жеңіл, ойларына сап түсе қалады және сол компанияның өнімі секілді қарайды. Бұл өз тарапынан басқа компаниялардың аты таралуына кедергісін тигізеді және репутациясына да нұқсан келеді деп айтсақ болады. Тағы бір мысал ретінде «Fairy» деп аталатын ыдыс-аяқ жуатын өнімді алсақ болады. Көптеген басқа ыдыс-аяқ жуатын өнімдердің осының көлеңкесінде қалып қала береді. Адамдар бір-бірімен сөйлескенде осы «Fairy» деп айта салғанды жөн көреді. Бірақ шын мәнінде адамдар «Капля» немесе «Ecover» деген ыдыс жуатын өнімдер болуы мүмкін. Бұл қазіргі таңда эпонимдердің өзекті мәселесі болып тұр.
Эпонимдердің бастапқы жалқы есім болып тұрғанда мағыналары немесе берілген есімнің объект ретінде басты назардан қалуы мүмкін. Мысалы, электромагнитті сәулені ойлап тапқан Альфред Нобель субъект ретінде назардан тыс қалуы мүмкін. Көп жағдайда адамдар ол сәуле туралы біліп, оны өз пайдасына қолдану туралы ғана ойланады. Және оның ойлап табушы адам туралы ұмытылып, тек жасаған дүниесі ғана халықтың есінде қалады. Өйткені бұл жерде субъект емес объект назар болып тұр. Тағы бір мысал ретінде «Кох таяқшасын» айтуға болады. Біз бұл жерде ауру туралы айтып отырмыз. Адамдар ойлап тапқан Кох туралы ойланбайды, оның өмірбаяны, қай жердің тумасы екені туралы. Біз көп жағдайда ол ғалымның ашқан зиянды таяқшалары туралы, оның адамның ағазсына қаншалықты зиян екеніне басты назар аударамыз.
Жалпы эпонимдер адамның сөздік қорын байытуға белгілі бір дәрежеде септігін тигізе ді. Адамның сөзі, пікірі айтылып жатқан салаға байланысты ғылыми, нақты болады. Керекті мағлұматты барынша толық жеткізеді. Мысалы, медицина туралы тақырып болып жатқанда «колы дірілдейтін ауру» дегеннен гөрі «Паркинсон ауруы» десе ғылыми және жинақы, құлаққа тұрпайы естілмей сөздік қорыныңыздың жинақы екендігін көрсетеді.
Қорыта келгенде эпонимдер әрбір адамның лексиконында, сөйлемдерін-де кездеседі. Уақыт өте келе, қоғам, заман өзгере келе оның айтылуы мен семантикасы өзгеріске ұшырады. Оның негізгі себебі ол – ғылыми – техникалық революция, ғалымдардың пайда болуы олардың жаңа дүниелерді ойлап табуына түрткі болды. Міне, осы кезде эпонимдердің объектісі субъектіден гөрі ашылған зерттеуге ауысады және семантикасы өзгереді.
Әдебиеттер
[http://www.ling-expert.ru/conference/langlaw1/leitchik_epomyms.html]
Блау М.Г. Судьба эпонимов. 300 происхождений слов. Словарь-справочник. – М.: ЭНАС, 2010. – С. 271.