Жас мамандардың кәсіби шеберлігін тиімді және құзырлы оқыту әдістері арқылы арттыру

Oinet.kz 23-04-2024 1715

Тақырыбы: "Жас мамандардың кәсіби шеберлігін тиімді және құзырлы оқыту әдістері арқылы арттыру"

Бағыты: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» 

Автор: Шағатаева Айнаш Тажихановна

Қызметі: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Білім беру ұйымы: Жамбыл облысы, Меркі ауданы,Ш.Уәлихан к/сі№39. №28 Жалпы орта мектебі  тел. 52641

Автордың мекен-жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Қ.Сатбаев көшесі №6а үй.тел. 87472109602, shagataeva68@mail.kz

 

Мақсаты:

Жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай бәсекелестікке қабілетті, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын маман болуға  дайындау.


Міндеттері:

►    Жас маманның жұмысқа бейімделуіне ықпал ету;
►     өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;

►    озық педагогикалық тәжірбиелер мен педагогикалық білім ғылым

        жетістіктерін меңгеру.

►   оқу мен тәрбие әдістерін, педагогикалық және психологиялық білімдерін       

        кеңейту;

►   Жұмысқа қызығушылығын арттыруға ынталандыру;
   Педагогикалық потенциалының дамуына, жетістіктерге жетуге ұмтылдыру;

Өзектілігі:

Жас мамандарды қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиямен жан-жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету. Жаңа педагогикалық технологияларды өзінің әрекетінде толық пайдалана отырып, білім сапасын арттыру,шығармашылық жұмысты дамыту, әр жас маман өзінің портфолиосын  жинақтау, озат педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып үйрену, тарату және ұйым арасында тәжірибе алмасуды қалыптастыру;

 

Жүрегіңмен сезбесең,

Әлемнің сырын ұқпайсың.

Көзіңмен көрем дегенмен,

Барлығын байқап шықпайсың.

Әбу-Л-Хасан Рудаки


ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы ғана емес, өзгерістер кезеңі болып тұр. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.

Бүгінгі таңда жаңа мектепке – қазіргі заманғы мұғалім, білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтерумен жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларды күнделікті жұмысында қолдана білетін, білгір иесі болуы керек. Жаңа ғасыр мұғалімі талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік, білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді. Мәртебелі және абыройлы, қазіргі заманға сай жаңашыл ұстаз – қоғам айнасы. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, жаны таза және әділ, жұртқа үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін ержүрек болуы керек» – деген екен. Тізбектелген бұл қасиеттер ұстаз мамандығының бейнесін айқара ашқандай. Аталмыш мамандықтың біз үшін де, қоғам үшін де маңызы зор. Заман өзгерген сайын, қоғам дамыған сайын, соған сай технологиялар да өркендей берері сөзсіз.

Жыл сайын мектепке жас мамандар келеді, олар өз қызметінің басында кәсіби, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы қиындықтарды бастан кешеді. Жас мамандарды сәтті бейімдеу және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру үшін  мектебімізде қазіргі таңда 2021-2022 оқу жылынан бастап «Жас маман» мектебі жұмыс атқаруда. «Жас маман» мектебіміздің ерекшелігі жас маманға жаңа бастаған педагогикалық жолында үнемі өзін-өзі дамыту, кәсіби және пәндік білімін жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру. Жас мамандарға кәсіби бейімделуге, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсету. Мектебімізде 7 жас маман бар. Әрбір жас маманға тәлімгерлер бекітілген.

Тәлімгерлікті жоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесі, мінезі, көңіл – күйіне қарай отырып, оның икемділігі анықталады. Қандай да болмасын жұмыс түрін алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екені байқалады. Сонымен қатар жас маманның баламен қарым - қатынасын және ұстазбен қызметтестік болуға деген қабілетін, оның эрудициясын /білімді, ойсанасын/. Міне енді осылар арқылы тестер, диагностика, сауалнамалар жүргізіледі. Әрі қарай жас маманға тәлімгерлік жұмысы былай ұсынылады.: бақылау, екі жақты қатынас, сұрақ - жауап, шағын тапсырмалар ұсыну.

Аталған жұмыстар жүргізілгеннен кейін тағайындалған тәлімгерлер жас маманның сабақтарына қатысып, оларға қиындық туғызып отырған мәселелерді анықтап, зерделеп, күрделі тақырыптардың жоспарларын бірлесіп жасайды.

«Жас маман» мектебінің жоспары бойынша келесі тақырыптар мен сұрақтар бойынша жұмыс жүргізілді:

1.    Оқу-жоспарлау құжаттамасы және табысты оқыту қағидаларымен таныстырылды;

2.    Нормативтік және оқу-әдістемелік құжаттаманың мазмұнын зерделеу, оқу құжаттамасын рәсімдеу, журналдарды толтыру жүйесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

3.    Қазіргі сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар. Заманауи жаңа әдіс тәсілдерді, атап айтсақ Wordwall, Kahoot платформасы арқылы сабақтарында қолданады;

4.    Сабақ өткізу кезінде комрьютерлік технологияларды жүйелі қолдану арқылы сабақты жобалайды.

«Бір күн түсіндіргеннен, бір сағаттық жұмысты көп үйрет» Ж. Ж. Руссо сөзімен айтқанда  осы жұмысты жүргізу нәтижесінде тәлімгерлермен, мектеп тренерлерімен бірлесе отырып «Оқу-жоспарлау құжаттамасы және табысты оқыту қағидаларымен танысу» және «Заманауи сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар. Сабақтың түрлері мен формалары. Оқыту әдістерінің сабақты ұйымдастыру нысандарына сәйкестігі», «Сабақты өткізу кезінде АКТ қолдану. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып сабақты жобалау» тақырыптарында мектепішілік семинар-коучтер ұйымдастырылды. Жас мамандар өздерінің кәсіби құзыреттіліктерінің артып келе жатқанын, тек алға ұмтылу ғана керемет нәтиже беретіндігін ұғынды.

Келесі мәселе жас мамандарды жаңа терминді сөздермен таныстыру., қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне бақылау арқылы, педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардың тәжірибені өз жұмысында пайдалануын үнемі қадағалап отыру.

Баяндамамның тақырыбына сәйкес "Жас мамандардың кәсіби шеберлігін тиімді және құзырлы оқыту әдістері арқылы арттыру" мақсатында педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болады. Сол тұрғыда мен «құзыреттілік» және «құзырлылық» ұғымдарына тоқтала кеткім келді.

«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

«Құзырлылық» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандайда бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді екен.

Кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі бар екені мәлім. Олар:

1.    Арнайы немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.

2.    Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игеру мен сиппаталады.

3.    Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгеру мен сиппаталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.

4.    Дара (индивидуальды)кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге  дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сиппатталады.

Бойына осы қаситеттер дарыған әрбір жас маман өз шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзыреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзыреттілік  жас маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.

Оқу жылының екінші жарты жылдығында «Жарқын болашақ иесі  - бүгінгі жас маман» тақырыбында айлық жұмысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күшін жігерін жұмсауға баулу. Кәсіби құзыреттілікті бойына сіңіре алған жас мамандарымыз айлық барысында керемет жұмыстар көрсете алды. Түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін пайдалана алды. Сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгергенін тәжірибе жүзінде  айқындай білді. Аз уақытта жас мамандарымыз аудан көлемінде ұйымдастырылған «Заманауи жас маман » байқауына қатысып, 3 жүлделі орынды иеленсе, бір жас маманымыз мұғалімдерге арналған пәндер олимпиадасында жүлделі ІІ орын алды. Биылғы оқу жылында тағы да математика пәнінен жас маманымыз «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» аудандық педагогикалық олимпиадасына қатысып  «Зерделі ұстаз» номинациясына ие болды.

Осындай ерекше жұмыстың ұйымдастырылуы арқылы жас мамандармен өзара тығыз байланыста болып, оқытудың басты құндылықтарын сезініп, қабылдау мен тұжырымды пікірлерді бөлісуде ұтымды әрекеттер мен шынайы қарым-қатынастар қалыптастыра алады. Мектебіміздің  жас мамандарының оқушылары оқуға ынтасы жоғары және сәйкес деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай, жас ұстаздың қолайлы орта қалыптастыра алуының арқасында, олардың тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. 


Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі [2009ж]

2. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік [2009ж]

3. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы [2007ж]

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық –[ 2017ж]

5. Мұғалім партфолиосы ( ІІІ деңгей курс жеке жинақтама )

6. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

Өлген қызды жуындырғандар көрген сұмдығына қатты ашуланды
Мұғалімдік жұмысын тастап, бүкіл қарызынан құтылған жігіттің оқиғасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу