Үкімет МӘМС-тің ұрланған миллиардтарын тексеруге кірісті

Oinet.kz 21-01-2026 45

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы қоғам сенімінен шыға алмады. Мемлекет басшысының өзі айтқан заңбұзушылықтардан кейін Үкімет жүйені түбегейлі қайта қарауға кірісті деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі. 

image.png

 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесін биылғы 1 шілдеге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне интеграциялауды тапсырды. Бұл шешім жай техникалық қадам емес, қаржының қайда және қалай жұмсалып жатқанын ашық көрсетуге бағытталған.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Осыдан кейін-ақ қорға қатысты тиісті тексерулер басталып кетті.  Премьер-министрдің айтуынша, интеграцияланған жүйе қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, бұрынғыдай түсініксіз төлемдер мен жабық есептерге жол берілмейді.  

– Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне толық біріктірілуі керек. Бұл қаржы қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, – деді Олжас Бектенов.  

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне жүргізілген кешенді тексеріс барысында бірқатар елеулі заңбұзушылықтар анықталғанын ашық мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме саладағы қордаланған проблемалардың бар екенін айқын көрсетті.  

Тексеріс нәтижесі формальды есеппен шектеле ме, әлде шын мәнінде кінәлілер жауапқа тартыла ма? Үкіметтің бүгінгі қатаң мәлімдемелері бұл жолы істің аяғына дейін баратынын аңғартқандай.

Тоқаев: Экономистерге үлкен ескертпем бар
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу