Кәсібін ұлтқа арнаған жан

Oinet.kz 24-06-2024 52

image.png

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей кез-келген мемлекеттің әл ауқатын ішкі экономикалық тәжірибесі ғана көрсетеді. Яғни бір ғана кәсіпкер ел экономикасына едәуір әсер  ете алады. Мәселен өзі құрған жоспарды нарыққа ұсынып, тиісінше, бірнеше адамды жұмыспен қамтиды. Одан бөлек мемлекетке салық төлеп, пайда әкеледі. Сондай-ақ кәсіпкерлік өркен жайып, ел экономикасының күре тамырына айналып келе жатқан салалардың бірі. Бүгінде өз ісін бастап, аяққа тұруды ниет еткендерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек орасан. Инновациялық жоба әзірлеп, қайтарымсыз грантқа ие болғысы келгендер мен жанына жақын істі бастау мақсатында жеңілдетілген несие иемденуді ниет еткендердің бетін үкімет қайтарған емес. Бұл қаладағы кәсіпкерлер санының еселеніп, экономиканың дамуына қосымша дем беретінін сөзсіз. 

Жоғары атап өткеніміздей  Түркістан қаласында өз ісін ашып кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар көбейіп келеді. Соның ішінде ұлттық киімдерді заманауи нақышта әрлеп, оны кәсіпке айналдыра білген «Бикеш» сән үйі бар. Бұл үйді Шәрбану Дурманқызы басқарап отыр.  «Мен өз кәсібімді 2019 жылы бастадым. Бұл кәсіпті таңдауымның негізгі себебі, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне өзіндік үлесімді қосу, кішкентайымыздан әже-апаларымыздан көрген қазақы нақыштағы дүниелердің ғұмырын жалғастыру еді. Алғаш «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында оқып, сертификат алдым. «Атамекеннің» қолдауымен 505 мың теңге көлемінде грантты жеңу арқылы осы істі бастадым. Сол қаражатқа тігін машинасын алып, тапсырыстар қабылдай бастадым. Бүгінде 100-ге жуық қыздардың жасауын дайындап, тапсырысшылардың талабынан шықтым. Сонымен қатар, қазіргі заманға сай білімімді жетілдіру мақсатында осы ұлттық қолөнердің насихатталу жолында зор еңбек етіп жүрген белгілі тігінші, он саусағынан бал тамған қолөнер шебері Гүлстан Жандосқызынан офлайн сабақ, танымал этнодизайнер Ырза Тұрсынзада ханымнан онлайн сабақтар алдым», –дейді сән үйінің басшысы Шәрбану Дурманқызы.  Кәсіпкер жасайтын бұйымдар қол еңбегінен басқа түрлі материалдарды, алуан түрлі құрал-жабдықтарды қажет етеді. Бұл орайда кәсіпкер «шығын болмай, кіріс болмайтынын» ескеріп, тәуекел етіп өз қаржыма сеніп іс бастағанын айтады. Оған «Атамекеннің» қолдауымен алған қаржы айтарлықтай көмегін тигізген.  ««Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен және AIKA ALEMI-мен бірлесіп ұйымдастырған «Қолөнер бренді және өнім» атты оқу курсынан сәтті өттім. Сөйтіп өткен жылы 2,5 млн теңге көлемінде тағы грант алдым. Осылай өзімді жігерлендіру арқылы ісімді жалғастырып жатырмын», – дейді кәсіпкер. Осылай ісін сәтті бастаған кәсіпкер бүгінде шәкірттеріне үйретіп, жұртты жұмыспен қамтуда. Тапсырысқа қарай көмекшілерді шақыртып отырады. Бүгінде жанында 3 қыз тұрақты жұмыс істейді.

Инвестиция бойынша Түркістан шаһары алдыңғы орында тұр
«Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы кәсіпкерлерге дем беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу