Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жапония айға ғарыш кемесін ұшырған бесінші ел атанды. Жеңіл модуль жер серігіне сәтті қонды. Мамандардың мәлімдеуінше, құрылғыда нүктелік түсіру деп аталатын технология қолданылған. Ол алдыңғы ай миссиясының модульдеріне қарағанда бақылауды көбірек қамтамасыз етеді. Бұл – Жапония аэроғарыш агенттігінің 20 жыл жасаған зерттеуінің жемісі. Құрылғы Айды зерттеу үшін топырақ үлгілерін алып, арнайы камераның көмегімен минералдарды талдайды.
– Айды зерттеуге арналған интеллектуалды қондырғы Жапонияның жергілікті уақыты бойынша 20 қаңтарда сағат 00:20-да Айдың бетіне қонғанын растаймыз. Ғарыш кемесі Жапониядағы станцияға деректерді жіберді. Сондай-ақ, жерден командаларды дұрыс қабылдап тұр. Алайда, әзірге күн панельдерінің электр энергиясын өндіре алмай тұрғаны рас. Жапония АҚШ-пен ынтымақтаса отырып, ғарышта маңызды рөл атқаруға ұмтыла бермек, – деді Жапония аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің президенті Хироси Ямакава. Жапониядан басқа, бұған дейін бұрынғы Кеңес Одағы, АҚШ, Қытай және Үндістан елдері айға ғарыш кемесін ұшырған болатын.
Ал, Түркия тұңғыш ғарышкерін ғарышқа аттандырды. 36 мың үміткер арасынан таңдалған астронавт – инженер әрі әскери ұшақ пилоты, 44 жастағы Альпер Гезеравжы. Түркияның тұңғыш ғарышкері Альпер Гезеравжы Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан SpaceX Falcon 9 зымыранымен Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. Төрт адамнан тұратын экипажды NASA-ның бұрынғы астронавты Майкл Лопес-Алегрия басқарады. Борт мүшелері: Италия әуе күштерінің ұшқышы Вальтер Вилладей, швед Маркус Вандт және түрік Альпер Гезеравжы.
Түркияның ғарыш тарихындағы айтулы оқиғаны ел тұрғындары асыға күтті.
– Байланыс арқылы ғарыштан тұңғыш рет түрік тілін естиміз. Альпер мырзамен 8 ай бойы арнайы дайындықтан өттік. 50 жылдай кеш бастадық. Бірақ жақсы жаңалықтармен осы олқылықтың орнын толтырамыз деп ойлаймын, – дейді ғарышкер атағына үміткер Тува Жихангир Атасевер.
Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында жүзеге асырылған сапар Түркия Республикасының 100 жылдығына орайластырылып отыр. Жүзден жүйрік шыққан Альпер Гезервжы Халықаралық ғарыш станциясында 14 күн бойы әртүрлі ғылыми бағдарламаларды орындайды. Ғарышта 13 тәжірибелік сынақ жүргізеді. Бұл сапардың құны – әр ғарышкер үшін 55 млн АҚШ доллары. Түркияның ғарыш сапары мұнымен шектелмейді. Бірнеше айдан кейін екінші үміткер Тува Жихангир Атасевердің суборбитальды ұшуы жоспарланған.