Қыз алып қашу. Заң не дейді?

Oinet.kz 07-03-2019 1482

161-1476212061-69f6935fa1.jpg

Сәлеметсіздерме, ардақты АНА бол сайты және заңгер ханым! Менің сіздерге қояр сауалым бар, жауап береді деген үміттемін. Менің сіңілімді 1-2 күн болды, алып қашып кетті. Сыртынан ұнатып жүрген жігіті екен, кетейін десе жібермей жатыр. Ата-анам артынан барады енді, біздің тарап не істей алады? Заң не дейді?

Сәлима, Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Гаухар Алтынбекова, заңгер:

Қыз алып қашу деген мәселе қылмыстық кодексте адам ұрлаумен тең. Ол үшін ұрлаған адамдарға, яғни кінәлілерге белгілі мерзім тағайындалып, адам ұрлаушы төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер, қыз бұл отбасыда қалғысы келмеген жағдайда құқық қорғайтын органдарға жазбаша арыз жаза алады. Содан барып кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

 




Дереккөз : anabol.kz

«Күйеуім үшін шыдап жүрмін»
Жұмыс істейтін жүкті әйел құқығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу