Дұрыс тамақтану принциптері

Oinet.kz 06-03-2019 1105

0_1544425616.3743.jpg

Нағыз сұлулық адамның ішкі жағынан келеді. Егер адамның дені сау болса, бақытты әрі тартымды көрінеді. 

Дұрыс тамақтану принциптері:

▪ Сіз тамақты шынымен қарныңыз ашқанын сезінген кезде ғана жеңіз.
▪ Тамақты асықпай, мұқият шайнаңыз.
▪ Тамақты тек қана отырып ішіңіз немесе жеңіз.
▪ Тамақты жегенде үлкен бөліктерін сол күйінде жұта салмай, кішкене бөліктерге бөліп, шайнауға ыңғайлы болатындай етіп жеген дұрыс.
▪ Тамақты тыныштықта және ыңғайлана отырып жеу қажет.
▪ Бір рет ас қабылдағанда 4 түрлі тағамнан артық қабылдамаңыз.
▪ Көп қимылдаңыз.
▪ Тамақпен суды араластырып ішпеңіз, тамақты сіңдіріп барып су ішкен дұрыс.
▪ Тамақтың негізгі бөлігін түсте қабылдаған дұрыс.
▪ Ас қабылдау үстінде бөгде заттарға көңіл аудармаңыз, ойды тамаққа аударыңыз. Тәбетіңіз тартып жесеңіз тамақ сіңімді болады.
▪ Тамақ күнде жаңадан жасалып отыруы тиіс. Кешеден қалған тамақты қабылдай беруге болмайды. Қайта - қайта тамақ жасаудан ерінбеңіз.
▪ Ас табиғи өнімдерден дайындалуы керек.
▪ Клечаткалы өнімдерді көбірек тұтыныңыз. Жаңа піскен жемістер мен көкөністер әрдайым сіздің үстеліңізден табылуы керек.

Дұрыс тамақтанудың осы принциптерін ұстану сіздің денсаулығыңызды қалпына келтіреді және дене пішінін қалыпты ұстауға көмектеседі.

Дереккөз: bilimdiler.kz

Тамақ өнімдері арқылы қалай емделуге болады?
Кивидің денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу