Жапаров: Мен алданып қалдым

Oinet.kz 06-03-2026

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров соңғы күндері қоғамда үлкен талқылауға себеп болған оқиғаға байланысты өзіне де сын айтылып жатқанын мойындап, белгілі бір деңгейде алданып қалғанын мәлімдеді. Бұл жағдай түрмеде отырған бір азаматқа кешірім берумен байланысты шыққан жанжалдан кейін пайда болды.

423537.jpgОқиға Қырғызстандағы №8 түзету колониясында жазасын өтеп жатқан кәсіпкер Даниэль Ажиев төңірегінде өрбіген. Ол 2024 жылы сот шешімімен тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, ол жезөкшелік ұйымдастыру, порнографиялық материал тарату және мүлікке залал келтіру сияқты айыптар бойынша кінәлі деп танылған. 

Биыл жылдың басында президент атына түскен өтініштердің бірі ерекше назар аудартқан. Онда Ажиевтің анасы түрмеде отырған баласына кешірім беруді сұрап, өзінің денсаулығы өте ауыр екенін, өмірінің соңғы кезеңін өткізіп жатқанын айтқан. Арызда анасының жағдайы нашарлап, баласын соңғы рет көргісі келетіні туралы жазылған.

Президент Садыр Жапаров тиісті құжатқа қол қойып, сотталған азаматқа кешірім беру туралы шешім қабылдаған. Соның негізінде Ажиев ақпан айында түрмеден босатылған. Ал бостандыққа шыққан азамат колониядан  тікұшақпен ұшып кеткен. Әлеуметтік желілерде түрме маңынан көтерілген тікұшақтың видеосы тарады.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ақпаратты кейін ресми түрде растады. Ведомство тікұшақтың жалға алынғанын, оның құны шамамен 268 мың сом болғанын хабарлады. Ресми деректерге қарағанда, тікұшақты сотталған азаматтың өзі емес, үшінші тұлғалар жалдаған. 

Бұл оқиға қоғамда үлкен дау туғызды. Көптеген саясаткерлер мен қоғам белсенділері президенттің кешірім беру шешіміне күмән келтіре бастады. Осы сындарға жауап берген президент Садыр Жапаров бұл жағдайдың кейбір тұстары өзі үшін де күтпеген болғанын айтты. Жапаров бұл оқиғадан кейін кейбір адамдардың президенттің сенімін пайдаланып кетуі мүмкін екенін де атап өтті. 

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының қызметтен кетуіне 7 трлн теңгенің дауы себеп болды ма?
Бас прокуратура: Терезеден сығалау да--сталкинг
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу