Шарапатты Рамазан: қариларға құрмет көрсетілді

Oinet.kz 06-03-2026

Screenshot_37.jpg

Қасиетті Рамазан айында сауапты істерге ұйытқы болу – ел ішіндегі ізгі дәстүрдің біріне айналып келеді. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлы баяндамасы аясында және «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша Түркістан облысы Төлеби ауданындағы орталық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен тағылымды шара өтті.

Ауданға қарасты мешіттерде тарауих намазында Құран хатым етіп жатқан қариларға құрмет көрсету мақсатында «Шарапатты Рамазан» атты ауызашар дастарханы жайылды. Игі бастама Құранға деген құрмет пен ықыласты арттыруды, қасиетті айдың рухани мәнін тереңірек ұғындыруды көздеді. Тағылымды жиынға ауданның бірқатар зиялы қауым өкілдері мен мешіт имамдары қатысты. Шара «Ешенқұлұлы Қуаныш» қоры басшылығының демеушілігімен ұйымдастырылды. Бұл – ел ішінде қайырымдылық пен жанашырлықтың әлі де жоғары деңгейде екенін айғақтайтын игі іс.

Screenshot_36.jpg

Screenshot_38.jpg

Жиында сөз сөйлеген Төлеби ауданының бас имамы Үсен Саурбаев сауапты іске үлес қосқан барша жомарт жандарға алғыс білдірді. Ол өз сөзінде: «Адамға алғыс айта алмаған жан Аллаға шүкір ете алмайды» деген нақылды еске салып, дін жолындағы игі бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп жүрген ел ағаларына ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар қарилар мен дін қызметкерлеріне Рамазан сыйлықтарын табыстады.

Жиын соңында ауданның бас имамы қарияларға да алғыс айтып, қасиетті Құран аяттары оқылып, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін дұға жасалды. Рухани мазмұны терең бұл шара Рамазан айының берекесін арттырып, ел бірлігі мен татулығын нығайта түскендей әсер қалдырды.

Путинге бейбітшілік емес, жеңіс керек
Ұлттық банк төрағасы орынбасарының қызметтен кетуіне 7 трлн теңгенің дауы себеп болды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу