"Мақамы бөлек Мархабат Байғұт"

Oinet.kz 16-05-2025 46

 497603799_2906738792839065_8914276446732059468_n.jpg

Жазушының екі өмірі бар дейді.  Біріншісі өз өмірі,  екіншісі   өмірден өткеннен  кейінгі,  артында қалған мұрасымен жасайтын  өмірі ғой.  Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, өзіндік мектебін қалыптастырған Мархабат Байғұттың екінші,  мәңгілік ғұмыры басталып кетті. 

Махаң көзі тірісінде айналасына шуағын шашып жүретін жан еді.  Бүгінде еске алғанда көңіл түкпірінде сол күлімсіреген кейіпте елестейді.  Енді оқырман күншуақты,  жылулықты оның шығармаларынан табады. 

Кеше Түркістанда жазушының 80 жылдық мерейтойына арнап «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт»  халықаралық симпозиумы өтті. Қазақстан,  Өзбекстан, Қырғызстан, Еуразия жазушылар одағының мүшелері, ғалымдар, Парламент депутаттары, жалпы зиялы қауым қатысқан жиында М.Байғұттың жазушылық мұрасына талдау жасалды, естеліктер айтылды, баяндамалар оқылды. Жер-жерден келген құттықтаулар оқылды.  Жазушы Нұрғали Ораздың Махаңның өміріне арналған пьесасынан үзінді қойылды. М.Байғұт шығармаларына арналған байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.

«Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің, оның төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібайдың ұйытқы болуымен өткен шарада бірқатар ұсыныстар да айтылды. Соның бірі-- М.Байғұт атындағы әдебиет үйі ашылса деген тілек.  

Кешкісін қонақтар Шымкенттегі Шанин театрында М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» қойылымын тамашалады.

Жазушының 80 жылдығы бүгін Шымкентте, ертең туған жері Түлкібас ауданында жалғасады.   

497627449_2906738886172389_3368490340802640902_n.jpg

 497681737_2906738966172381_7332617380206352791_n.jpg


«Камерун, Мозамбик бізден озып кетті»
Түркістан облысында салынған жолдар сапасыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу