Сөйлесе біл
Сүйгеніңмен сөйлесе біл. Қарым-қатынасты үзетін ең бірінші белгі сөйлескің келмеу, үрейіңді, қорқынышыңды айтпау, өзіңнің қиындығыңмен бөліспеу, арман, қиялыңды тығып ұстау... Әйелге сөйлесу ауадай қажет. Оған сенің дауысыңды есту, дауысың, дауыс ырғағың, екпінің арқылы сені сезіну маңызды. Жжанына керек сөздерді естуі маңызды. Одан бас тартпа. Тас жүрек болма. Үндемей құтылуды әдет қылма. Оның өмірінде не болып жатқанын сұра. Бүгін не істегені, көңіл күйі нешік екенін сұра. Барыңмен бөліс. Оған әділ бол, адал бол. Ойнама. Ойыншық етпе. Әйел бәрін нәзік түйсікпен сезінеді. Уәде берсең – сөзіңде тұр. Бас тартпа. Жеңілме. Жүнжіме. Уәде де тұра алмасаң, жігерсіздік танытып, кегіңді одан алма. Сен онымен сөйлес. Әйелдің бәрі кішкентай қыз секілді. Ол күтеді, үміттенеді, тілейді. Шамаң келгенше жылы сөзіңді айт. Әйелге өзін мақтаған, жақтаған сөздер ұнайды. Жылына бір рет емес. Ылғи айтып жүр. Егер сенен жүз бесінші рет «мені сүйесің бе?» деп сұраса да ашуланба, жүз бесінші рет «иә» деуден танба. Қайда жүрсең де, үйде де, түзде де, шулы ортада да оған мақтау сөз айтып отыр. Оның нәзіктігін, сүйкімділігін ескертіп жүр. Сүйіктіңмен сөйлесіп жүр. Мақта, қолда, тәнті бол. Әрқашан, әр кезде, өмір-бақи.
Арсений Михайлов
Аударған Шынар Әбілдә