Алматыда жезөкшелік ұйымдастырылған 430 пәтердің иесі жазаланды

Oinet.kz 18-07-2026

Алматыда жыл басынан бері интимдік қызмет көрсетілген 430 пәтер анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Алматыда интимдік қызмет көрсетілген 430 пәтер анықталды. Олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 750 секс-қызметкер профилактикалық есепке қойылған. Жыл басынан бергі мәліметті Алматы қалалық полициясы жариялады.

Screenshot_6.jpg

Полицейлер жалдамалы пәтерлерге тұрақты түрде рейд жүргізеді. Мекенжайларды интернеттегі хабарландыру сайттары арқылы анықтайды, сондай-ақ көршілерден де шағым түседі.

Тексеру кезінде қыз-келіншектердің көбі жүздерін жасыруға тырысқанымен, олар есепке алынады.

Кейбірі жұмысты интернет арқылы тапқанын, ал оны ұйымдастырушыларды мүлде көрмегенін айтқан.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, көрсетілетін қызметтің бағасы орта есеппен 55 мың теңгеден басталады. Тіпті кей жерлерде төлемді бөліп төлеуге де мүмкіндік бар екені анықталған.

"Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері интимдік қызмет көрсетілген шамамен 430 пәтер анықталды. Олардың иелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, шамамен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды", – деді Тимур Ноғайбаев.

Тиімсіз пайдаланылған 2,5 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу