«Балалық шақ мекені» атты республикалық акция өтті

Oinet.kz 01-06-2026

Screenshot_48.jpg

Бүгін Түркістан қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ мекені» атты республикалық акция өтті.

“Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Салыбек Қайрат Келесұлы және “Ауыл” партиясының Түркістан қаласы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Раманкулов Бақытжан Сұлтанұлы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, қызықты ойындар ойнатылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар таратылып, балғын балалық шақтың шаттығы мен қуанышы сезілді.

Бұл акцияның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың бақытты балалық шағына қолдау көрсету, қоғам назарын бала құқығы мен болашағына аудару. “Ауыл” партиясы алдағы уақытта да өскелең ұрпаққа арналған осындай игі шараларды жалғастыра бермек.

Түркістанда «Ауылым – әнім» ән кеші өтті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу