Ақтөбедегі 25 қабатты үйден тағы бір адам секіріп кеткен
Ақтөбеде ер адам 25 қабатты үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 30 шілдеде шамамен түнгі сағат 2-де болған.
Басылым мәліметінше, №112 "В" үйдің 19-қабатынан ер адам секіріп кеткен. Ал Полиция департаментінің мәліметі бойынша марқұм 29 жаста еді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полиция қызметкерлері.