«Қауіпсіз жер жоқ»: Газа секторынан шыға алмай қалған қазақстандық елден көмек күтетінін айтты

Oinet.kz 13-10-2023 667

Алматылық Ирина Эль-Сұлтан отбасымен бірге күйеуінің туыстарына Газа секторына келіп, қақтығыстан соң елден қайта шыға алмай қалған. Қазір қауіпсіз аймаққа бас сауғалаған қазақстандық өзі тұрып жатқан аймақта да бомба астында өмір сүріп жатқанын жеткізді. Айтуынша, мұнда дүкендер жабылған, су мен интернет жоқ екен. Ирина бұл елден шығып кетуге дипломаттардың көмегін күтіп жүргенін алға тартты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

4 қазанда келген Иринаның отбасы 29 қазанда кері қайтулары керек болған. Алайда бұл елдегі шыққан қақтығыстан соң қауіпті аймақта қалып қойған.

"Мұнда күйеуімнің қарт анасы тұрады. Ал 94 жастағы әкесі біз келгенше қайтыс болды. Қайғылы жағдайдан соң жақындарымыздың жанында жиі болуымыз керек екенін түсіндік. Балалармен бәріміз бір осында жиналуды шештік", - деді ол.

Иринаның айтуынша, қазір Газа секторында қазақстандық отбасылар көп. Олардың кейбірі екі елде де тұрады, кейбірі қонаққа келген.

"Нақты қанша адам барын айта алмаймын. Бірақ менің ойымша, оннан асады. Елшілік тобында 20 адам тіркелген. Есептеп қарасақ, олардың барлығының отбасы бар. Кейбіреулерінің жұбайларында біздің елдің азаматтығы бар. Кейбіреулерінде біздің елде тұруға рұқсатхаттары бар. Ал балалары көбіне біздің азаматтығымызды алған. Сондай-ақ өздері Алматыда қалып, төрт баласы осында келген де отандастарымыз бар", - деп қосты ол.

“Қауіпсіз жер жоқ, бомба астында өмір сүрудеміз...”

Иринаның айтуынша, көптеген қазақстандықтар Израиль шекарасынан алыс емес Свлатын ауылында туыстарына барған. Енді көпшілік Газа секторының солтүстігіндегі Жебалия қаласына қоныс аударған.

"Қол-аяғын сындырған": ХАМАС содырлары германиялық туристі азаптап өлтірген

Израильдің генералы шайқас жерінде сәбилердің денелері табылғанын мәлімдеді

"Бізді Жебалия қаласында алыстағы ағайындарымыз қарсы алды. Басында сәл тыныш еді. Бірақ қазір мұнда да қауіпті. Бұл жерде адам тым көп. Кеше біздің тегімізбен бірдей бір отбасы мүшесі қаза тапты. Себебі оларды қарсы алған үйге қаскөйлер өлтіруі керек тізімде тұрған бір адам кіріп кеткен екен. Өте қорқынышты. Өзіміз келген ауданда, көршілеріміздің арасында ондай адамдардың жоқ екеніне сенімдіміз”, – деп қосты қазақстандық.

Иринаның айтуынша, газа секторы - Таяу Шығыстағы ең тығыз қоныстанған аймақ. Мұнда жергілікті тұрғындар мен басып алынған аумақтардан қашқандар бар. 

“Қалай қорғануымыз керек екенін білмейміз. Себебі қауіпсіз жер жоқ. Тіпті бомба астында өмір сүруге үйреніп те қалдық. Басында құлағымыз ауыратын. Дегенмен, қазір үйреніп қалдым. Тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймын", - деп бөлісті Ирина.

“Бұл бір лагерь секілді. Кірген адам кете алмайды”

Қазақстандық келіншектің айтуынша, атқылау басталған күні отбасы бірден кете алмаған. Кейін ол адам басына 250 доллар төлеп, Газа секторынан шығуға көмектесетін компаниямен байланысқан екен. Алайда кейін елшілік көшуге батылдық жасамау керектігін, өздері реттеп, тізімге енгізетінін айтқан. Ирина дегенмен, Египет билігінің бұл жерден шығуға рұқсат бермей жатқанын жеткізді. 

“Мұнда бомбадан қорғайтын орындар жоқ. Жертөле де жоқ. Бұл бір лагерь секілді. Кірген адам кете алмайды. Мұнда 40 жасқа дейінгі ерлерге кету үшін дәлелді себептер мен көп ақша қажет. Әрине, көпшілігі кетуге тырысады. Бірақ бәрінің мұндай мүмкіндігі бола бермейді", - деді ол.

Израильде ерлі-зайыпты 10 айлық сәбилерін аман алып қалу үшін ХАМАС-тың жеті мүшесін өлтірді

“Су жоқ, дүкендер жабық, интернет ұстамайды...”

Ирина қазір өзі тұрған жерде судың таусылған жеткізді. Айтуынша тіпті барлық дүкендер жабылып, гуманитарлық көмек мүлде келмеген. Тіпті құбыр суы да жоқ екен.

"Кеше мектепте Светлананың отбасымен таныстым. Оның күйеуі Қазақстан азаматы, дәрігер болып жұмыс істейді екен. Ал мұнда дәрігерлер шетелге шықпайды. Оның 7 жасар ұлы эвакуациялауды күтуде. Күйеуі кезекшіліктен қатты шаршап келеді екен. Себебі жараланғандар көп. Ауруханаларда төсек-орын тапшылығы бар. Оның сөздерінен соң қатты жыладым. Себебі мұнда Қазақстанда білім алып, қазір қақтығыстың ортасында қызметте жүрген дәрігерлер көп", – деп қосты ол.

Ирина қазір қазақстандық дипломаттардың шешімін күтіп жүргенін алға тартты. Айтуынша, қазір тіпті интернет те күніне тек бірнеше минутқа қосылады екен.

"Осы уақыт ішінде біз туыстарымызға тірі екенімізді жеткізуге тырысамыз. Бірақ бәрінен де елшіліктен хабар күтеміз. Бірақ әзірге жұбаныш беретін жаңалық жоқ. Олар ресейліктермен келіссөздер жүргізуге тырысуда. Израиль тарапымен дипломаттар бізге сектордан кетуге мүмкіндік берді. Бірақ әзірге ол да нәтиже бермей тұр", - деп түйіндеді қазақстандық әйел.

Еске салсақ, 10 қазан 23:50-де Air Astana рейсі арқылы Израильден эвакуацияланған 124 қазақстандық және 42 шетелдік азамат Алматыға қонғанын хабарлаған болатынбыз. Тілшіміз Алматы әуежайына барып, елге келгендерден Израильдегі жағдай туралы сұрап білді.

Тоқаев қазақ тілін дамыту ісінде неге көңіл бөлу керегін айтты
Где найти и как активировать промокод 1хБет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу