Қоғамдық қабылдауда бірден үш мәселе шешімін тапты

Oinet.kz 15-12-2021 1061

Screenshot_2.jpg

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева жеке қоғамдық қабылдау өткізді. 

Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Д.Нұсақабаева әлеуметтік көмек сұрай келген болатын. Күн райының салқындығына байланысты ағаш отын алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Қ.Жантөреева мәселесін оңтайлы шешу мақсатында "Жасыл Кентау" серіктестігіне хабарласты.Нәтижесінде өтініш иесіне ағаш отын жеткізілді.

Қарнақ ауылының тұрғыны, жалғызбасты әрі көпбалалы ана  Д.Мұхитдинова жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтінішін айтты.Қ.Жантөреева қалалық жұмыспен қамту орталығына хабарласып, Қарнақ ауылының әкіміне жұмыс қарастыруды ұсынды.

Атаулы әлеуметтік көмек мәселесінде туындаған қиындықтарды айта келген Байылдыр ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Ж.Оспанованың да қабылдау сәтінде мәселесі шешілді. Депутат Қ.Жантөреева қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапына құжаттарын қайта қарауын ұсынды. Нәтижесінде  өтініш иесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Қабылдауға Кентау қаласының тұрғыны Ы.Жалишова  82 жастағы жалғызбасты кейуана Р.Төлепбергенова көмекке мұқтаж екенін айтты. Қарт ананың жамбасы сынып өздігінен  жүріп-тұру мүмкіндігі қиын және көз жанарынан айырылғанымен мүгедектік анықтамасы жоқ екенін жеткізді. 

Депутат Қалыйма Жантөреқызы сол күні кейуананың шаңырағына барды. Қалалық мәслихатының депутаты Асылбек Утебаевпен бірлесіп, партияның «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында мәселесін толықтай шешті. "Кентау медициналық орталығы" ЖШС және  № 2  медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің қорытындысы бойынша Рауза Төлепбергенова мүгедектік туралы анықтамасына қол жеткізді. 

Араға 6 күн салып, 14 желтоқсан күні Қалыйма Жантөреқызы екінші рет қарияның үйінде болып, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында 2 қоларба сыйға тартты. Үй ішінде жүріп-тұруға ыңғайлы қоларбалар денсаулықты күтуге ықпалын тигізеді. Өтініші орындалған Р.Төлепбергенова депутаттарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Кейуанаға алдағы уақытта да тиісті көмектер көрсетілетін болады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

​Түркістан: Мираста «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаты мен бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды
Шымкентте қарапайым қызметкерлерге құрмет көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу