"Ауызашарға қай бетіңізбен келдіңіз?" - Арман Қуанышбаев
Белгілі дінтанушы, уағызшы Арман Қуанышбаев Рамазан айында Ораза ұстамағандар туралы пікір білдірді.
- Ораза тұтпағаныңыз ар. Адамның намысын келтіретін іс. Жарайды, біреудің сойылын біреу қақпайды. Біреудің жауабын біреу бірмейді. Әйтсе де, сіз мұсылмансыз. Ауызашарға қай бетіңізбен келдіңіз? Сіздің аузыңыз ашық қой, қай жеріңізді ашуға келдіңіз? Сіз ауызашарға сауап үшін келсеңіз, онда самаурынның басында тұрыңыз, табақ тасыңыз. Аузы берік адамдарға қызмет қылсаңыз, бірнәрсе алып кетесіз. Болмаса құры тамақ жеп, қарныңызды тойдырып кетесіз. Ақыңыз болмаған тамақты жеп кетесіз. Өйткені ол жер ауызашар деп аузы берік адамды ғана шақырды. Аузыңыз ашық па, барудан ұялыңыз. Барсаңыз қызметке барыңыз. Құдайдан ұялсаңыз, аузы берік адамға қызмет жасаңыз, - дейді Арман Қуанышбаев.
Еске сала кетейік, Рамазан айында ауыз бекіту - мұсылмандардың 5 парызының бірі.