Тоқаев үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді

Oinet.kz 18-08-2020 747

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. 

image.png

Кездесу барысында үкімет басшысы президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндаған. 

Сондай-ақ мемлекет басшысына тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілген. 

Сонымен қатар кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу қорытындысы бойынша үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді. 

Әлия Назарбаева жиен інісі Айсұлтанның қазасы туралы айтты (жазба)
Алматыда төрт лауазымды полицей қызметінен қуылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу