Өскеменде қаланы көркейту заңына сай келмейтін нысандар анықталды

Oinet.kz 15-10-2019 939

Өскеменде құжаты талапқа сай емес 818 кәсіпкерлік нысан анықталды

Жобалау құжаты мен жалпы сәулет құрылысына сәйкес келмейтін 818 кәсіпкерлік нысаны анықталды. Өскеменде сыртқы қасбетін жөндемеген нысан иелеріне айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өскемен қаласының әкімдігі қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге дүкен, дәмхана және басқа да коммерциялық бағыттағы нысандарды аралап, олардың қаланы көркейту заңындағы талап бойынша қаншалықты сай келетінін тексерді. Нәтижесінде рейдтің алғашқы күні жобалау құжаты мен жалпы сәулет құрылысына сәйкес келмейтін 818 кәсіпкерлік нысаны анықталды. 

Нысанның жобасына өз бетімен өзгеріс енгізген кәсіп иелеріне бірден айыппұл салынған жоқ. Кемшілікті жөндеу үшін уақыт берілді. Ал болашақта облыс орталығындағы сауда нүктелері бірыңғай дизайндік нақышта болады. Ол үшін бір типтік жоба салынбақ. 

«Құраманды қала сәулеті және қоғам белсенділері мен полиция қызметкерлері бар арнайы комиссия құрылды. Олар нысан иесі мен кәсіпкерге анықталған кемшілікті жою үшін уақыт береді. Заңда көресетілген мерзімі бар. Осы аралықта барлығын ортақ ережеге сай реттеуі тиіс»,- қала әкімнің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Вице-премьер Арыс қаласында болды
Арыстың ауруханасындағы күрделі жөндеу аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу