«Мерей мені тастап кетті» - Мақпал Жүнісова қызына қатты қапа болды

Oinet.kz 03-05-2022 50063

Халық әртісі Мақпал Жүнісова жалғыз қызы Мерей - туған қызы емес екенін мәлімдеді. Оның шындықты айтқан видеосы желіде кеңінен тарады. Мұнда Мақпал Жүнісова қызы тастап кеткенін жылап тұрып айтады. 

Screenshot_3.jpg

«Мен сіздердің алдарыңызда Заманбек Қалабаевич үшін өтірік алдадым, кешіріңіздер! Мерей менің туған қызым емес, ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Біз қызды зорлықпен алған жоқпыз, екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері берген, «асырап беріңдер» деп. Асырадық, Зәкең өзінің тегін берді. Енді мен ол қыздың алдында, халқым менің басымды имеймін. Кетсе кете берсін. Бүгін кетіп қалды, келмесе кетсін мәңгіге. Өзінің туған әке-шешесі бар, туған бес бауыры бар. Барсын! Асырадым. Өз қызымдай көрдім. Зәкеңсіз асырадым. Кетсе кете берсін, жібердім», – дейді әнші видеода.

Ordabasy: Темірланда демалыс алаңшалары көптеп салынуда
Мерей Заманбекқызы: Барлық ер азаматты жек көрем... (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу