Тест: Қаншалықты белсендісіз?

image_l (1).jpg

Төмендегі тест көмегімен қаншалықты белсенді екеніңізді анықтаңыз: 1. Бір күнде қанша жұмыс бітіресіз? А: 15-тен аз Ә: 15-тен жоғары 2. Бір айда қанша кітап оқисыз? А: 6-дан аз Ә: 6-дан көп 3. Күнделікті алдыңызға қойған жоспарларыңызды толықтай орындап жүргеніңізге сенімдісіз бе? А: Ия Ә: Жоқ 4. Өзіңізді белсендімін деп ойлайсыз ба? А: Ия Ә: Жоқ 5. «Ертең де күн бар» деген сөзді жиі айтасыз ба? А: Ия Ә: Жоқ 6. Бір тәулікте 25 немесе 26 сағат болғанын қалайсыз ба? А: Ия Ә: Жоқ 7. Бүгінгі ісіңізге көңіліңіз толмай, бұдан да жақсырақ жасай алатындығыңызды мойындайсыз ба? А: Ия Ә: Жоқ Жауаптары: 6-7 А жауабы болса – Жұмысты орындаудағы жылдамдығыңыз Ақан серінің Құлагерінен еш кем емес. Сізге тез арада көмек қажет. Мүмкін қазірдің өзінде өміріңізге көңіліңіз толмай, тек алдына қойған мақсатын ғана орындайтын құлтемірге айналып бара жатқаныңызды байқаған боларсыз. Сол себепті жұмыс пен қызықты өмірді қатар алып жүре білген жөн. 4-5 А жауабы – «Қатардағы жұмысшы».  Былайынша жаман емес, бірақ тым керемет деп те айту қиын. Бір қадам жасасаңыз болғаны, алдыңызда үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. 2-3 А жауабы – «Өзгеше». Бұндай адамдарды «Бөгде планеталық» деп атайды. Үнемі жаңа идеялар ойлап, оларды жүзеге асырып отырады. Бұл адамдар өте аз болғанмен, бір өзі жүз адамның ақылына татиды. Аса бай болмаса да, ақша жетіспеушілігі сынды қиындықтардан аулақ. 0-1 А жауабы - «Ғажап жандар». Бұндай адамдар жұрттың аузында жүреді. Ешкімнің жетегіне ермей, өз жолдарын өздері ғана таңдайды. Ең қымбат көліктерді мініп, шет елдерге саяхаттағанды жақсы көреді. Үлкен компанияларды басқарады. Бастысы уақыттың қадірін біледі.  


Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: