Суық ауа райы, көңілсіздік және аз қозғалыс – дене сымбаттылығын сақтамауға себеп емес. Қыс мезгілінде артық салмақ қоспас үшін қалай тамақтану керек? Маусымдық азық-түліктерге орын беріңіз Күзде және қыста дүкен сөрелері маусымдық көкөністер мен жемістерге толып тұрады. Маусымдық өнім жақсы сақталады және дәруменге толы болады. Мысалы: асқабақ, сәбіз, алма, алмұрт, құрма, жүзім және т.б. Олар ағзаға күш пен энергия сыйлап, дене пішінін сақтауға да көмектеседі. Аз үлестен жеуге тырысыңыз Қар, көңілсіздік және аз қозғалысты өмір салты үздіксіз тамақ жей беруге әкеледі. Сол кезде артық салмақ қосып алмас үшін тамақты жиі болса да, аз-аздан жеуге тырысу керек. Қуырылғаннан гөрі пісірілген тамақ пайдалы
Табаның орнына пешке немесе бумен пісіргішке орын беріңіз. Сұйық майға қуырылған қытырлақ тамақтан гөрі суға немесе буға пісірілген тағам денсаулыққа да, дене пішініне де көбірек пайдасын тигізеді. Бұл ереже тәтті тағамдарға да жүреді. Мысалы, тәтті торт тілімінен гөрі пешке пісірілген (бал және жаңғақ қосылған) алма жеген жөн. Ұйықтар алдында тамақ жемеңіз Қараңғы ерте түсетіндіктен, ерте ұйқыңыз да келеді.
Бірақ соңғы тамақ жеу уақытыңыз бен ұйықтауға жатудың арасы 2-3 сағат болу керектігін ұмытпаңыз. Сол кезде таңертең бүкіл денеңізден жеңілдік сезесіз. Су ішу режимін сақтаңыз Қыста күн суық болғандықтан, су көп ішкіңіз келмеуі мүмкін. Алайда су ағзада маңызды рөл алатынын білеміз. Сондықтан күніне аз дегенде 1,5 л су ішуді ұмытпаңыз. Қызықты мақалалар:
Дереккөз: massaget.kz