Қан тобыңызға қарап мінезіңізді анықтаңыз

Screenshot_5.jpg

           Бірінші (I) қан тобына жататын адамдар шымыр, ашық-жарқын келеді. Денсаулықтарында ешқандай кінарат жоқ. Алкоголь өнімдеріне ағзасы тез беріле қоймайды. Физикалық тұрғыдан шаршауды білмейтін және шығармашылық жұмыстарға өте бейім келеді. Артынан топты ертіп, сөзін өткізе алатын көшбасшылық қаситтер көбінесе осы бірінші топтағы адамдарға тән қасиет. Сондай-ақ олар қатты қызғаншақ болып келеді. 

         Екінші (II) топтағылар уайымшыл келеді. Дегенмен, өлмей беріспейтін жандар. Бұл топтағы адамдардың басты ерекшелігі төзімділіктерінде. Қайғыға тез берілгендіктен,  иммуниттері әлсіздеу болады.  Бірақ талғамдарына ешкім таласа алмайды. Жинақылықты, тәртіпті ұнатады. Ақкөңіл, өзгелерге жақсылық жасаудан ешқашан қашпайды.  

         Үшінші (III) қан тобының иелерінің мінездері жұмсақтау, иілгіш келеді. Бойында батылсыздық басым. Сондықтан біреуге тіс батырып, өктем сөйлеуге жасқанады. Біреулердің ықпалына тез көндігеді. Сондай-ақ кез-келген кәсіпті, өнерді тез-ақ меңгеріп ала алады. Мұндай жандар көп жағдайда бияғы қылықтарымен көпшілікті өзіне аударта алады. 

         Төртінші (IV) қан тобына жататын адамдар әділдікті сүйеді. Жүрген жерін жадыратып, қуаныш сыйлап жүреді. Әзілдеуді «қатыратын» олар жаңа өзгерістерді ұната бермейді, дәлірек айтқанда қабылдаулары қиын. Кез-келген шешімді  мың толғанып, жүз тебіреніп барып қабылдайды.     

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сағымбеков мейірбикелерге 6 млн 350 мың теңге cыйлады
  • Қан тобыңызға қарап мінезіңізді анықтаңыз
  • Көзді қалай күту керек?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: