Баланың бойы ұзын болсын десеңіз...

image_l (22).jpg

«Ұқсамасаң тумағыр» деп қазақ бекер айтпаса керек-ті немесе осы тұрғыда орыс халқының айтатыны бар : «яблоко от яблони не далеко падает». Әрине, әр баланың тұқымына тартары анық, десе де ол өз алдына. Бала бойының өсуінде өзін-өзі дамытудың алар орны ерек. Яғни, дұрыс тамақтанумен қатар спортпен айналысу. 

Баланың «А» дәрумені бар тағамдарды көп жегені жөн. Бұл дәрумен бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында, сондай-ақ сары, қызыл көкөністерде, сәбізде, қызанақта, асқабақта болады. Бой өсіруге арналған дәруменге бай балықты да жиі жеп тұруды ұмытпау керек. Сүйектің қатаюын қамтамасыз етіп, бойдың өсуіне ықпалын тигізер кальцийдің пайдасы мол. Ол қызылша, бұршақ қосылған тамақтарда, сүтте болады. Баланы кішкентайынан дұрыс тамақтандыра білген дұрыс. 

Бұл үрдісті ананың құрсағында жатқанда да қолданған артық етпейді. Баланың бойына ана тұтынған азық-түліктің әсері зор деседі ғалымдар. Исландия, Дания және Америка ғалымдары ана жатырындағы тұқымның түзілуіне әсер ететін әртүрлі тағамдарға зерттеу жүргізеді де, сүттің  ерекшелігін анықтайды. Бұл тағамды тұрақты түрде пайдаланған ананың сәбиі сау әрі бойы ұзын болады дегенді алға тартады. Ал жүкті әйелдерге күніне 150 мл сүт ішуге кеңес береді. Ал буынның созылып, бойдың ұзаруында спорттың пайдасы зор және өз септігін тигізеді. Сондықтан баланың кішкентайынан спортпен айналысуын қадағалаңыз. Өйткені қандай жағдай болмасын, 1% қанға тартса, 99% еңбекпен келетінін ұмытпағаныңыз жөн. 

Дереккөз: anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: