Тері құрғақ болса, ол жиі қабыршақтанады және әжім ерте түседі. Мұндай жағымсыздық орын алмас үшін күнделікті тері күтіміндегі жіберілуі мүмкін қателіктерді біле жүріңіз. 1-қателік: Ылғалдандыруды ұмыту Теріңіз қалыпты немесе майлы болса, бірнеше күн ылғалдандырушы кремсіз жүре бере алуыңыз мүмкін. Ал терісі құрғақ бойжеткендердің күтім құралдарының барлығы ылғалдандыруға негізделуі керек. Макияжды сүртуге арналған құрал сүт негізінде болғаны дұрыс. Майлар (арган, авокадо, жожоба, ши) туралы да ұмытпаңыз. 2-қателік: Скраб пен пилингті жиі жасау Қабыршақтану – құрғақ терінің бірінші мәселесі.
Скраб және пилинг процедуралары теріні құрғататындықтан, ол қатты қабыршықтана бастайды. Сондықтан, май негізінде жасалған скраб пен пилинг таңдап, оны аптасына бір реттен артық қолданбаған жөн. 3-қателік: Ұзақ ыстық душ қабылдау Күн суықта жұмыстан келген соң ыстық душтың астында тұрғанды жөн көруіңіз мүмкін. Ұзақ ыстық душ денені жылытып, босаңсытқанмен, эпидермистегі ылғалдың буға айналуын жылдамдатады. Бұл суық суға түсу керек деген сөз емес, ыстық душтың уақытын (максимум 10 минут) азайтсаңыз болғаны. Егер суға ұзақ түскіңіз келсе, жайлап ыстық судан жылыға ауыстырыңыз. 4-қателік: Алкоголь негізіндегі кремдер таңдау
Көптеген косметикалық құралдардың құрамында этиль спиртінің аз мөлшері болады. Ол зиянды бактерияларды өлтіреді делінеді. Әдетте, алкоголь негізіндегі кремдер теріні құрғатады. Сондықтан оларды құрғақ теріге көп қолданбаған жөн. Алайда, құрғақ теріге арналған кей құралдарда міндетті түрде alcohol free болуы керек. Әсіресе, ол тоникте болады. Бұл кезде құралдың құрамын оқыңыз: бірінші кезекте "су және спирт" дегеннің орнына "май және спирт" дегенін таңдаңыз. 5-қателік: Бет жууға арналған құралды дұрыс таңдамау Құрғақ және сезімтал теріге арналған құралдар таңдаңыз. Олар теріні тыныштандырып, ылғалдандырады. Бет жуатын гельдерге "жоқ" деңіз. Сіз бет жууға арналған сүт, май және крем негізіндегі құралдар мен жұмсақ көбік қолдану керексіз. 6-қателік: Маскалармен тәжірибе жасау Маскалардың барлығы бірдей құрғақ теріге келе бермейді. Құрғақ терігі ең дұрысы – мата маска қолдану.
Дереккөз: massaget.kz