Өмір – арнасын бұруға болатын өзен

image_l (5).jpg

Адамзатқа ортақ қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, ережелерге бағынып, онда белгілі бір рөлді сомдауға тиіспіз. Әрине, ол ережелерден бас тартып, өз дегеніммен өмір сүремін десеңіз, ол да өз еркіңізде. Алайда бұл таңдауыңыз көпшілікке ұнай қоймайтыны анық. Сонымен бұл өмірде қалай жеңіске жетуге болады? Бізге де өзгелерге де жақсы болу үшін қандай ережелерді пайдаланғанымыз жөн? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.   

Өмір – ойын Компьютерлік ойындарды бір рет болсын көрген шығарсыз. Мінеки, өмір де осы ойындарға ұқсас. Бір айырмашылығы барлығымен жақсы тіл табыса білетін, мәдениетті де білімді адамдарға арналған ойын. Бұл ойын 24 сағат бойы онлайн режимінде қызмет көрсетеді. Сол ойында әркім өз ережелерін ұсынуға ұмтылады. Жетістіктерге талпынып, ақиқатты дәлелдейді. Осы ойында жетістікке жеткіңіз келсе... 1. Мұқият болыңыз. Бұл ойында әр адамның өз стратегиясы бар. Жолда абай болу керек. Жол жөнекей жақсы да жаман адамдар, заттар кездесуі мүмкін. Ең алдымен оларды дұрыс танып үйреніңіз. 2. Үздіксіз қозғалыста болыңыз. Өмірдің өзі тек қозғалыстан тұрады. Мақсатқа ұмтылу арқылы іштей толысуға болады. Адымдап болсын үйренуден еш қорықпау керек. Ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді. Өзіңізге жеңісіңіз де, жеңілісіңіз тәжірибе жинақтауға көмектеседі. 3. Күшіңізді ойланып жұмсаңыз. Денсаулығыңызды күтіп, әрдайым тауысылған энергияны уақытында толтырып отырыңыз. 

Денсаулығы нашар адам бұл ойыннан бірінші болып шығып қалуы мүмкін. 4. Дұрыс бағытты таңдаңыз. Қадамды баспас бұрын қайда баратындығыңызды және не үшін бара жатқандығыңызды ойланып алыңыз. Жоспар құрып, алдыңызға айқын мақсаттар қойыңыз.5. Басты кейіпкердің өзіңіз екендігін ұмытпаңыз. Сіздің көмекшілеріңіз де, тілекшілеріңіз де көп болуы мүмкін, алайда басты кейіпкер сізсіз. Өміріңізге деген жауапкершілігіңіз де сіздің ғана мойныңызда. Әр адам өз жолымен жүретіндіктен, сіз үшін өмір сүруге міндетті емес. 6. Өмірде әлсіздікке орын жоқ. Кім әлсіз болса, сол жеңіледі. Мықты адамдарды құрметтейді, оларға тәнті болады. Керісінше өмірді алдап көріңіз. Қорқынышыңыз болса, жүрегіңіздің түбіне жасырыңыз. Әрине, қиын-қыстау сәттерде көзімізге жас алатынымыз анық. Алайда бұл туралы тек жақындарыңыз ғана білетін болсын. Ал қалғандары үшін тек мықты болып көрінуге тырысыңыз. Немесе ешкімге көрсетпей жалғыздықта жылап алыңыз. Артынша күш-жігеріңізді қалпына келтіріп, жеңістерге күлкімен аттаныңыз. 7. Жеңілудің өзі ерлік. Жолыңыз болмай, сүрініп қалған болсаңыз, бұл ситуациядан ақылды шешім тауып шығуға тырысыңыз. Өзгелердің сізге жанашырлықпен қарауына жағдай жасамаңыз. Сүрінген жерден қайта тұрып, алға қарай ұмтыла алатындығыңызды көрсетіңіз.
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: