Сіз бен біз жайлы

image_l (4).jpg

Сіз бен біз жайлы:  Жақсы қызды іздегенше, оны қадірлей алмайтын нақұрыс жігіттен тартып алу керек. Нағыз дос сен жымиып отырсаң да, сенің көзіңдегі ауыр мұңды сезіне алады. Отбасын құру үшін махаббат қана жеткілікті. Ал оны сақтап қалу үшін төзуді  және кешіруді үйрену керек. Адамдарды кедейлік не байлық емес, көреалмаушылық пен қызғаншақтық сияқты қасиеттер құртады. Адамның білімі орташа болуы мүмкін, бірақ тәрбиесі жоғары болуы міндетті. Әйелдер табиғатынан мықты болу үшін жаралмаған. Оларды еркелетіп, аялау керек. Сонда ғана өзіңізге де жайлы болмақ.

 Әр таңды өкінішпен атыру үшін бес-ақ күндік өмір жетпеуі мүмкін. Сондықтан бағыңды уақытында бағала! Жаны жақын достарда басқаларға түсініксіздеу ортақ қалжың әңгіме болады. Нағыз ер азамат басқалардан өз уәдесінде тұруымен ерекшеленеді. Ер адамның мәдениетінің қаншалықты деңгейде екендігі оның әйел адамға қалай қарайтындығымен өлшенеді. Қанша көңіл-күйіңіз болмай тұрса да, сізді күлдірудің жолын жасап әлек болатын адам сүюге лайық.

 Ер адам жалғыз емес. Ол екеу: өзі және бостандығы.  Әйел жаратылысынан әдемі, ал оны одан да сұлу ету ер адамның еншісіндегі іс. Бақыт – саған керек адамға керек болуың. Өмірдің мәні – өзіңнен кейінге өмір қалдыру. Егер біреу сізден кетем десе, жібере салыңыз. Бірақ оларды жаман адамдар деп ойламаңыз. Олар - сіздің өміріңізде өз рөлін ойнап біткен жандар.
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: