Жаңа отбасыма үйренісе алмадым

351-1476211788-0e3ec59b42.jpg

Тұрмысқа шыққаныма 6 ай болды. Отбасымның ерке, жалғыз қызы едім. Енді күйеуімнің үйінде өз жанұямдағыдай жылылық, мейірім таба алмаймын. Ата-енем маған өз қыздарындай емес, басыбайлы күңіндей қарайды. Бір ісім дұрыс болмаса, сынап-мінеп отырады. Үй шаруасына ысылмаған едім, енем бәрін үйретер десем, қалай істесең де өзің біл деп, өзіме ысырады. Кешкісін күйеуім келгенде ғана қабағым ашылады, ол жоқта күні бойы адасып кеткен бөтен адамдай болып жүремін. Бөлек шығуға ата-енем де, күйеуім де қарсы. Үйренісіп кетуім үшін не істесем болады?

Жайна, Алматы қаласы

 

Жауап: Жайна, құрбым. Ата-анаңның үйінде жалғыз, ерке өссең де, қайын жұртыңда келін деген атың бар, өз үйіңдегідей бола алмайды. Мүмкін енең де осы күнге дейін келін түсіріп, қолым ұзарса деп армандаған шығар. Үй шаруасын игере алмасаң, жұбайың мен ата-енеңнен рұқсат сұрап, бірнеше күн анаңның жанында болып, дәмді тағамдар жасау, қонақ күту, тазалық әдебін үйренгенің абзал. Шай-тағамын дайындап, үйін жинақы ұстап отырсаң, қай ене сені жек көрер дейсің?!  Сондықтан жаңа отбасың сені қыздарындай қабылдау үшін, сен тырысып бағуың керек.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: