Бетіңнен шапалақпен осып, ес жидыратын мақала

10966414.jpg

«Егер сіздің өмірлік сәтсіздіктеріңізге кінәлі адамды тауып, оны дүрелесеңіз, ол бір апта орындыққа отыра алмас еді!»

Бұл мақала атақты кәсіпкер Рэймар Тирадоның өмірден түйгендері. Ізденімпаз жан. Ешқашан бір белеске шықтым, осымен болдым деп тоқтамаған адам.

Ешкім үйретпейтін нәрсе туралы айтып берем

Кәдуілгі өмірдің шегінен шығаратын құбылысты айтамын. Мәселен, ата-анаңыздан еншіңізді алып, іргеңізді бөлек салуға себеп болатын. Ескі жұмысты тастап, бәрінен баз кештіретін. Бір нәрсе болса да шынайы істеуге ықпал ететін! 

Шынайы өмірде алатын тәжірибе оқу ордасындағы алған білімнің шегінен талай жерге асып кетеді. Қажетті қабілетті адам тек өзін тапқанда ғана дамыта алады. Бәске бар байлығыңды тігіп қана жеңуге болады. Бірақ бәрінен бір-ақ сәтте тұтас айырылуың да мүмкін. Тәжірибе – қабілетті еселейтін қасиет. Қабілет пен қасиет бәрінен бас тартқанда ғана бой көтереді. Шын мәнінде керекті, қажетті, маңызды нәрсеге тек осылай қол жеткізуге болады. Керекті қабілет пен қасиетке иемін деп есептейсіз бе? 

Сіз қателесесіз!

Менің бар айтпағым: өмір деген ойында сіздің титтей де мүмкіндігіңіз жоқ. Неге?

* Ұтылысыңыз аз.

* Өзіңіздің қабілетсіздігіңізге ризасыз, күш жұмсап, үлкен арманға қол созуға ниетіңіз жоқ.

* Шет тілін меңгеру керек еді деп айтасыз, бірақ оны үйренуге талпынбайсыз.

* Бір бұрышта «тыныш» отырғанды ұнатасыз немесе қиын жұмысты ертеңге қалдырасыз.

* Өз жұмысыңызды жек көресіз, бірақ жаңасын іздеуге құлықсыздық танытасыз.

Сіз осында ай қарап отырған кезде, мен қателіктерімді түзеп, өзімді сынап, жаңаны зерттеп жатырмын

* Мен жеңілген кезде көп нәрсені үйренемін. Өзімнің өмірлік жолымды өзгертемін. Менің жолым тек алға бастайды. Темірді балқытып, шынықтырған сияқты. Оттан өтіп, жаңа пішінге ие болам. Алдаспанның пішініне түсемін. Жүзі жылтылдап тұратын. Бұл алдаспан сізді турап тастайды. Егер бел шешіп, өзіңізді қолға алмасаңыз, жағдайыңыз мүшкіл.

* Өзгенің пікірінен үркесіз. Жұрттың сөзіне құрақ ұшасыз. Солар не дер екен деп өмір сүресіз. Өйткені, бүкіл әлем сіздің бойыңыздан не көреді деп қорқасыз. Өзгені тілдеген соң осылай төмен ойлайсыз. Өзгелер де сізді сөгуі тиіс сияқтанып тұрады. Сіздің жаныңызды жинаған дүниеңіз мазалайды. Ал, қандай әрекет жасағаныңызға есеп бермейсіз.

* Ақшаңызды жаңа киімге, көлікке, қымбат тағам мен қыдырыстарға шашып жүргеніңізде, мен өзімді іздеп жүрмін. Сіз өзге әлемнің сықпытына еліктеп, солардай болуға тырысып жүргенде, мен өзгелердің маған еліктеуіне жол ашамын.

* Барлық күдік-күмәнді сыпырып тастап, бүкіл әлемге өзімнің шынайы болмысымды көрсетемін. Өзгенің пікіріне иммунитетім күшті. Мен тек жаңа ойдың жетегінде өмір сүремін. Сіз амал жоқ деп көнбістік танытып жатқанда, мен таңғажайып өмірді зерттеуге кірісіп кеттім.

Шын болмысыңыздан өзіңізді әлдеқайда ақылдымын деп есептейсіз

* Шын мәнінде сіз өзгелер не жасаса, соны істедіңіз. Өзгелер жаттағанды жаттадыңыз. Оқуға тиістіні оқыдыңыз. Тек тесттен өту үшін ғана оқысаңыз, неге ақылды болып кетпедіңіз?

* Білім не үйренгеніңде емес, ол қалай өмір сүруіңде.

* Егер қажет болса, мен де тесттен өте аламын. Ал, сіз менің алдымнан өмір тудырған қиындықтарды жеңе аласыз ба? Бұл тест баллмен, пайызбен емес, тек тірі қалумен бағаланады.

Сіз керектіні оқымайсыз

Керек дүниені ғана оқисыз. Немесе мүлде оқымайсыз. Тарихты ішпыстырарлық деп білесіз. Ал, пәлсапаны – топастық дейсіз. Одан да телешоу көріп, диванда жатқанды жөн санайсыз. Жаңа бір нәрсені біліп, соны ойдың жетегінде кетуге қорқасыз. Өзге адамның ойын түсінуге тырысқанша, айналаны байыптағанша, солай жата берген оңай.

Бізге дейін өмір сүрген ата-баба сөзінде өмірдің шындығы барын мойындамайсыз.

Керекті кітаптың бәрін дүкеннен немесе интернеттен табуға болады. Бірақ сіз бұл мақаланы да оқығыңыз келмейді ғой. Мұны оқып отырған адамдар мұның барлығын онсызда білетіндер болар. Жылқыны суатқа айдауға болады. Бірақ суды зорлық етіп ішкізе алмайсың.

Танымыңыз терең емес

Өйткені, жаңалықтың бәрін қадағаланатын БАҚ-тан біліп отырасыз. Олар бір-бірінен көшіреді. Өйткені, сіз ойланып, «Мұның барлығы өтірік болса ше?» деген сұрақ қоя алмайсыз. Шынымен өтірік ақпарат алып отырмын-ау деп қысылмайсыз. БАҚ-тың басты мақсаты: ең маңызды дүниеден сіздің көңіліңізді бұрып әкету.

Сізде білімге деген құлшыныс жоқ, менде бар!

Телефонда ойын ойнап отырғаныңызда, мен пернелер теориясы мен квант механикасының негіздерін оқып отырмын.

Өзіңіз туралы жоғары пікірге масайып отырғаныңызда, мен түрлі көзқарасты білдіретін дәлелдерді салыстырып, олардың кемшілігін бағалаймын. Сіз маған не деп қарсы келетініңізді алдын ала есептеймін.

Сіз бір адамның жағына шықсаңыз, мен екі жақтыда саралаймын. Егер мен сіздің жағыңызға шығып, сіздің сөзіңізді сөйлесем, онда мен жеңемін. Тіпті тура сол тақырыпта қарсы бағытта сіздің өзіңізді де жеңіп кеткен болсам да.

Сіз сұрақ қоймайсыз

Беделді адамдарға күмән келтірмейсіз. Өзіңізден неге деп сұрамайсыз да.

Дұрыс қойылған сұрақтың мәнін түсінбейсіз. Сыйлап тұрса да келіспейтіндікті түсіне алмайсыз. Сізбен келіспейтін адамның өз пікіріне адал болып қалуын түсінбейсіз.

Шынайылық туралы сұрақтар қоймайсыз. Бірсарынды өмірдегі бос тіршілік үшін болмашы күресіңіз бітпейді.

Ақиқат сізді шошытады

Ештеңеден хабарыңыз жоқ екенін мойындаңыз. Бұл мақала шамыңызға тиген болар. Босқа өткізген өміріңіз, текке кеткен уақытыңыз мақаланы оқығаннан өзгермейді.

Айналадағы болып жатқан құбылыстарға мән бермей, тікбақай өмірге етіңіз өліп кеткен. Шындыққа көз жұма қарап жаман үйренгенсіз. Тіліңізді шығарып шындықтың дәмін татып көрсеңіз, оның қаншалықты тәтті екенін білер едіңіз.

Сонда шын мәнісінде маңызды, қажетті нәрселерді істеуге кедергі жасайтын тек өзіңіз ғана екендігіңізге көз жеткізесіз.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: