Қазақта «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейтін тәмсіл бар. Негізі, әбден дұрыс айтылған. Әлдебір Құдіретті Күштен де қорықпау өзіңді құдай жасауға дейін апарады. Алайда, жоқ нәрседен қорқа беру орға жығады. Шындығында, келер күндеріңе немесе болашағыңа байланысты мәселеде қорқыныш атаулыны сейілтуге тырысқаныңыз жөн. Осы тұрғыдан келгенде, еш уақытта қорқынышқа берілмеңіз, себебі ол ең бірінші және ең қауіпті жауыңыз саналады.Адамдар миллиондаған ақшасы болса да, кедейшіліктен қорқады. Олар дендері сау болса да, аурулардан қорқады. Кейбіреулері елдің сөзінен, сынап-мінегенінен қорқады. Көпшілігі өздерінің жақындарынан, туыстарынан айырылап қалудан қорқады. Кәрілік байсалдылық пен көп адамда даналықтың қалпы болса да – кәріліктен, өлімнен қорқады. Әрбір жеңілістің артында жеңістің бұғып жататынын білмегендіктен, адамдар өмірде жеңілуден қорқады. Біз санамызға әртүрлі қорқыныштарды ұялату арқылы өзімізді шектеп тастаймыз. Сонан кейін өзіміздің бақытсыз тағдырымызды айтып шағымданғанды жақсы көреміз. Жетістікке жеткен адамдарды көре алмаймыз. Олардың табысқа жетуінің себебі, олар санасының, ойлау жүйесінің егесі өздері.
Өзіміздің қорқынышымыздан құтылу үшін Алла тағалаға жалбарынамыз, жалынамыз, құтқаруын сұраймыз. Бірақта көпшілігіміздің басымызға өз шырғалаңдарымызды өзіміз шешуге болатыны келмейді. Жаратушыға жалбарынғаннан кейін сұрағанымыз орындалмаса өмірден түңіліп, болашаққа деген сенімімізді жоғалтамыз, жүнжіп жабағымыз, ұнжырғымыз түсіп кетеді. Егерде жетістікке, табысқа жетемін десеңіз – өмірде қандай мақсатқа ұмтылғаныңызды анықтап алып, көңіліңізді, қалауыңыз бен ынтаңызды осы жолға бағыттауыңыз қажет.
Көптеген адамдардан неден қорқасың деп сұраса, «ештеңеден» деп жауап береді. Бұл дұрыс емес, себебі әрбір адам әйтеуір бір кезде қорқыныштың негізгі алты түрінің біреуінің құрбандығы болады: жоқшылық, ауру, кәрілік, сүйіспеншілікті-махаббаты жоғалту, біреулердің сөзінен, өлімнен. Миллиондаған адамдар бір немесе бірнеше қорқыныштың зардабын тартуда. Олардың жүйкелері өте ширыққан және жүйке күштері бірте-бірте әлсіреп ақыр аяғында жүйкесі жұқарып өзіне ие бола алмай қалады. Қорқыныш пәндік те, руханилық та жақтарды шырмап тастайды. Шындығында, қорқыныш, күнделікті тұрмысқа ең бірінші керекті заттарға ие болудың өзін қиындатып жібереді: тамақ, баспана, киім табуларды. Қорқыныш құлшынысыңызды, өзіңе деген сенімділігіңді жойып, ойыңды талқандайды. Қорқыныш аямшақтығыңды, арамдығыңды, ызаңды, кінәмшылдығыңды туындатып, басқа біреулермен қарым-қатынасыңда адалдығыңды құртады.
Қорқыныш Ғазиз жанда болғандықтан қатерлі, тез қалқып шыға келеді. Егер қорқыныш бас ауру түрінде білінсе онда үміт аз, себебі осының құрбандығы осыдан құтылу үшін бірдеме жасайды. Бұл түнде келген ұрыға ұқсайды, миды улайтыны соншалық, ми дұрыс жұмыс істемейтін болады. Сіз, тек қана өзіңіз ғана осы қорқынышты біле аласыз. Сіз өзіңіздің миыңыздың қалпын бақылауға алып, жүйке күшінің мол қорын жасай аласыз. Өзіңізде жойқын жүйке күші болғанда, барлық қорқыныштар өзінен-өзі жоғалады. Бұны сатып алуға болмайды, бұны тек қана құру керек.
Өткен ғасырдың 30-шы жылдары өз елін дағдарыстан алып шыққан АҚШ президенті Теодор Рузвельттің «Бізге өзіміздің қорқынышымыздан басқа қорқатын ешнәрсе жоқ» деген бір ауыз сөзінің әсері керемет болды. Бұл – шындық. Қорқыныш қимылдатпай қояды. Егер де біз қорқынышсыз өз қорқынышымызды қасқая қарсы алсақ, кез келген қорқынышты жеңе аламыз. Қорқыныштан қашпаңыз, оны талдап тәннің бір сезімі ретінде қабылдаңыз. Тәннің сезімінің алдауына жол бермеңіз. Екінші, өзіңді-өзің мүсіркеу. Өзіңді мүсіркеу – бостан босқа қуатты жоғалту. Осыдан құтылсаң басқадан да тіленшілеп көмек күту әдетін жоясың. Нағыз қайғы келгенде, қасқайып тұрып қарсы алатын боласың. Біліңіз, уақыт бәрін де емдейді.
Динара САПАРБАЕВА