Баланы бесікке бөлеу міндет пе?

313-1476223129-fd11d327f5.jpg

Дәстүрлі ортада қол-аяғы түзу, қалыпты жетілу үшін баланы шыттан тігілген матамен жөргектеп бесікке бөлейді. Бала дүниеге келген соң, кіндігі түспей тұрып, баланың денесін терлетпей салқындатып тұратын шыт матадан тігілген жөргекпен құндақтайды. Арнайы тігілген екі жөргектің бірі, бірінші жөргектің үстіне бір жарым қарыстай жоғары төселеді.

 Жоғары шығып тұрған екінші жөргекке баланың маңдайын жауып тұратындай етіп басын, қолын құндақтайды, ол баланың мойны қисаймай тік қалыптасуына негіз болып, құлағын, басын суық тиюден сақтайды. Бала есейіңкіреген кезде оның басын қосып құндақтамай, басына, жыл маусымына қарай, баскиім кигізеді. Бір жарым қарыс төмен төселген бірінші жөргек баланың жамбас бөлігін жауып тұрады. Бала қолын шығарып алмау үшін шынтақ тұсынан бесік баумен байланады. Түбекті қойып, шүмегін салған соң, түбектен төмен төселген жөргекпен баланың аяғын түп-түзу етіп қосып құндақтап, жөргектің екі ұшын айқас шығарып, тізесінің үстінен келтіріп, баланың аяғына батуы мүмкін болғандықтан, екі ұшын байламай кері қайтарып шетіне тығып қояды. Жөргектің аяқ ұшына қараған бөлігі кері қайтарылып жабылып, бесік баумен байланады. Кейде баланың екі аяғын қосып құндақтағанда тізелері мен тобықтарының аралары бір-біріне тиіп қызарып кететін жағдайлар болады. Мұндайда төмен төселген жөргекті кері қайтарғанда тізе және тобық араларына шыт жөргекті қалдыра отырып құндақтайды. Егер қыс мезгілі болса, мақта салынып, сыртынан тысы да, астары да шыттан арнайы тігілген көрпемен жабылады. Егер жаз мезгілі болса құндақталған баланы сыртынап мақта матадан тігілген жөргекпен қымтап жауып жатқызады. Құндақталған бала анасының емізуіне де өтe ыңғайлы және бесікке де тез үйреніп кетеді.



Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: