Фаст-фуд неге зиянды?

452-1476213577-b92702f16c.jpg

Асығыс тіршілік пен зымыраған уақыт. Ештеңеге үлгеру мүмкін емес,тіпті, тамақ істеп ішу де қиындап кетті. Адамдардың еріншектігі де өз алдына, фастфудқа байланып барамыз бүгінгі күні. Ал оның тигізер зиянын білесіз бе? Фаст-фуд тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп, ал дәрумендер мүлдем жоқ. Фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни, транс майлар көп. Бұл өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосып,сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады. Сондай-ақ, фаст-фудты жақсы көретін жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Медициналық зерттеу нәтижесінде, фаст-фуд семіздікке алып келеді. Аз ғана уақытқа асқазанды алдау. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Оның калориясының өзі қаншама.

 Тез әзірленетін тамақтың салдарынан созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе, ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Ендеше, ең құрығанда,денсаулық үшін неге дұрыс тамақтанбасқа?!


Дереккөз : anabol.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: