Ыстықтан қорғанудың тәсілдері

131-1476222559-ab86faaf3a.jpg

 Күн ыстықта далада көп жүрген адамның жүйкесіне салмақ түседі. Содан тез шаршап, ыстығы көтеріліп, басы айналып, өзін нашар сезінеді. Дәл осындай жағдайды болдырмау үшін Anabol.kz сайты ұсынған кеңестерді оқып шығыңыз.

 

Кез-келген жағдайды ыстықпен күресудің «классикалық» әдісін ұсынамыз.

1. Көк шай ішіңіз.

2. Жағажайға барсаңыз құба-құп.

3. Табиғи маталардан жасалған, жеңіл және ашық түсті киімдер киіңіз.

4. Көп уақытыңызды көлеңкеде өткізіңіз.

5. Балмұздақ жеңіз.

6. Косметиканы аз пайдаланыңыз.

 

Жаздың ыстық күндері мына сусындарды ішуге болмайды:                

сыра (ол ағзада құрғақсыздық туғызады)

- кофе (қан тамырларына шамадан тыс күш жүктейді)

- алкогольді сусындар (жүрегіңіз шыдамауы мүмкін)

 

Жаздың ыстық күндерін кеңседе жұмыс істей отырып өткізетіндер үшін:

1. +26 градустан жоғары ауа температурасы кезінде жарты сағат сайын 1 стақан су ішіңіз.

2. Үстеліңізге шағын аквариум қойып қойыңыз (оның ішінде балық және ешқандай өсімдіктер жоқ болса да болады) ауаны салқындатып тұрса жеткілікті.

3. Қарапайым спрей сатып алып, айналаңызға оқтын-оқтын су себіңіз.

4. Мүмкін болса, мойныңызға дымқыл орамал тастап алыңыз.

5. Суық сумен жиі жуыныңыз.

6. Кем дегенде әр 2 сағат сайын, 5 минут жатуға тырысыңыз. Ол тамырларға күш түсуден сақтайды.

 

Аптап ыстыққа қарамай, көлігімен алыс жолға шыққандарға мына кеңестер артық етпейді:

1. Көлігіңіздің терезелеріне күннен қорғайтын перделер іліңіз.

2.Автомобильіңізді жиі жуып, жылтыратыңыз. Көлігіңіздің әйнектері көп кір жинаса, олар жылдам қызады.

3. Ең бастысы, көлігіңіздің ішінде оттық немесе қысымы бар контейнерлерді қалдырмаңыз. Ыстық ауа-райында олар жарылуы мүмкін. Сондай-ақ, ыстық ауа-райында көліктің ішінде қалып қойған аудио таспалар және басқада пластикалық заттар бұзылуы мүмкін.

 

 

Осы кеңестерді пайдалана отырып қатты ыстықтан қиналмай шығуыңызға болады. Демалысыңыз қызықты, әрі сәтті өтсін!

 

 

 

Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: